
«Бір белдеу - бір жол» (BRI) бастамасы алғаш рет 2013 жылы ҚХР Президенті Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары кезінде ұсынылған, уақыт өте келе 70-тен астам елді қамтитын жаһандық бастамаға айналды. «Бір белдеу - бір жол» қатысушы аймақтарда өңіраралық байланыстарды нығайтуға, инфрақұрылымды жедел дамытуға және тұрақты экономикалық дамуды қолдауға бағытталған.
Қазақстан BRI бастамасының жүзеге асырылуында маңызды рөл атқарады: ел аумағы арқылы бастаманың алты негізгі экономикалық дәлізінің екеуі өтеді. Жобаны іске асыру Қазақстан мен оның серіктестері үшін инфрақұрылымды жаңарту, өңіраралық және халықаралық байланыстарды дамыту, өнеркәсіптік әлеуетті кеңейту және сауда ағындарын ұлғайту сияқты елеулі мүмкіндіктер жасайды, бұл ұзақ мерзімді экономикалық дамуға ықпал етеді.
AIX - халықаралық инвесторларға тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етіп, «Бір белдеу - бір жол» жобалары үшін өңірлік қаржы орталығы ретінде қызмет ететін Орталық Азиядағы алғашқы қор биржасы. Биржа BRI жүзеге асырылуына қолдау көрсетеді, нарыққа бағытталған және тұрақты қаржылық шешімдер ұсынып, аймақтық қажеттіліктерге бейімделген кең спектрлі құралдарды ұсынады және эмитенттерге халықаралық капитал нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.
AIX «Бір белдеу - бір жол» сегменті BRI жобалары үшін капитал нарығындағы шешімдерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке және ұзақ мерзімді институционалды капитал тартуға арналған платформа қызметін атқаруға бағытталған. Қытай юаны (RMB) сегменттің негізгі валютасы болып табылады. Оның аясында акциялар, облигациялар, активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар және депозитарлық распискалар сияқты құралдардың листингі мен саудасы жүргізілуі мүмкін.
Сегмент аясында серіктестік
«Бір белдеу - бір жол» сегменті аясында AIX негізгі стратегиялық серіктестермен және нарық қатысушыларымен, соның ішінде Қытайдың ірі брокерлері мен инвестициялық компанияларымен өзара қатынасты қолдап, дамытады, мысалы:
Тарихи трансшекаралық IPO: Jiaxin International Resources Investment Limited AIX және Гонконгке листингтен өтті
2025 жылдың 28 тамызында Jiaxin International Resources Investment Limited компаниясы AIX-телистингке және саудаға қабылданды. Компания Қазақстандағы Бұғаты вольфрам кен орнын дамытады, бұл көлемі жағынан әлемдегі төртінші вольфрам кеніші. Jiaxin International Resources Investment Limited AIX пен Гонконг қор биржасында (HKEX) бір уақытта IPO өткізді.
Орналастыру бағасы 9,93 қытай юаны болды. Ғаламдық нарықтардағы жалпы сұраныс мақсатты сомадан 220 есе асып, 34 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы CNY-мен номинацияланған IPO және AIX биржасының «Бір белдеу - бір жол» сегментіндегі алғашқы IPO болды. Аталған IPO AIX биржасының халықаралық капитал тарту мен BRI жобаларын жүзеге асырудағы рөлін айқындады.
КазМунайГаз компаниясы алғашқы DimSum еврооблигациясын AIX және HKEX биржаларында орналастырды
2025 жылдың 31 қазанында «КазМунайГаз» («ҚМГ») ұлттық компаниясы юаньмен шығарылған дебюттік Dim Sum еврооблигациясын бір уақытта AIX және Гонконг қор биржасында (HKEX) листингтен өткізді. Шығарылым көлемі 1,25 млрд юань, купондық мөлшерлемесі 2,950% және табыстылығы 3,150% болды. Облигациялар 10 млрд юань сомасындағы орта мерзімді ноталар бағдарламасы аясында шығарылды. КМГ-нің юань нарығындағы дебюті Азиядағы халықаралық инвесторларға қолжетімділікті ашты.
Қазақстандағы бірінші юаньмен шығарылған облигация AIX-тің «Бір белдеу - бір жол» сегментінде орналастырылды
2020 жылдың 20 наурызында China Construction Bank (CCB), Астана филиалы арқылы Қытайдың юанімен шығарылған облигацияларын AIX және HKEX-те қосарланған листингке қойды. Бұл AIX-тегі алғашқы юань облигациясы, әрі AIX биржасындағы «Бір белдеу - бір жол» сегментіндегі алғашқы юаньмен шығарылған қаржы өнімі болды.
1 млрд юань көлеміндегі облигациялар (листинг күні ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша шамамен 63 млрд теңге), 2 жылдық мерзім және 2,95% купондық мөлшерлемесімен Қытайдан келген институционалды инвесторларға сатылды. Юаньмен тартылған қаражат CCB Астана филиалы арқылы Қазақстандағы «Бір белдеу - бір жол» бастамасына қатысты инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылды.
«Бір белдеу - бір жол» сегментін кеңейту
AIX өңірлік қаржы хабы және BRI жобалары үшін негізгі платформа ретінде дамып келеді. Акционерлеріміз, соның ішінде Шанхай қор биржасы (SSE) және Жібек жолы қоры (SRF), өз тәжірибесін ұсынып, биржаны дамыту үшін жаңа өнімдер мен қаржы құралдарын әзірлеуді қолдайды.
Серіктестікті кеңейту мақсатында AIX Қытайдың жетекші қаржы ұйымдарымен - банктер, брокерлер, инвестициялық компаниялар және кредиттік рейтингілік агенттіктермен өзара түсіністік меморандумдарын (MoU) жасасты. Бұл келісімдер юань валютасында қаржылық өнім шығарып, халықаралық капитал тартуды және Қазақстан мен Орталық Азиядағы инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды қолдауды жеңілдетеді.