AIX Акционерлері
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Орталық Азия елдері, Кавказ республикалары, Таяу Шығыс және Еуропа елдері үшін қаржы орталығы болып табылады. АХҚО құқығы Англия мен Уэльс құқығының қағидаттары, заңнамасы мен прецеденттеріне және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген. АХҚО-ның негізгі мақсаты - қаржы құралдарының кең тізімі ұсынылатын өтімді және теңдестірілген капитал нарығын дамыту. АХҚО Әкімшілігі - Орталықтың стратегиялық дамуына, АХҚО аумағында қызметтерді дамытуға және Орталық инфрақұрылымын басқаруға жәрдемдесу үшін құрылған басқару органы. Сондай-ақ әкімшілік АХҚО-ны әлемдік нарықтарда ілгерілетуге және Орталыққа әлеуетті қатысушыларды тартуға жәрдемдеседі. АХҚО Әкімшілігі AIX-тің құрылтайшысы және негізгі акционері болып табылады.
www.aifc.kz
Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарды ынтымақтастыру қоры (China-Kazakhstan Production Capacity Cooperation Fund Co., Ltd.)
Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарды ынтымақтастыру қоры (China-Kazakhstan Production Capacity Cooperation Fund Co., Ltd.)
Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарды ынтымақтастыру қоры AIX-тің негізгі акционерлерінің бірі және Жібек жолы қорының (Silk Road Fund Co., Ltd. - SRF) еншілес компаниясы болып табылады. Қордың мақсаты Қытай мен Қазақстан арасында өндірістік қуаттар саласында ынтымақтастыққа жәрдемдесу, сондай-ақ басқа салаларда инвестициялық қызметті қолдау болып табылады.
Жібек жолы қоры – 2014 жылдың 29 желтоқсанында Пекинде тіркелген орта мерзімді және ұзақ мерзімді даму инвестициялық қоры. Бұл Қордың мақсаты «Белдеу және жол» бастамасына қолдау көрсету болып табылады. Қор «Белдеу және жол» бастамасына қатысатын Қытайдың және басқа елдердің экономикалық дамуына, сондай-ақ олар арасындағы байланыстардың дамуына жәрдемдеседі.
Нарықтық қағидаттар мен кәсібилікке негізделе отырып, SRF әлемнің әртүрлі географиялық нүктелерінде тікелей шетелдік инвестициялар жүргізеді. Қор инфрақұрылым, энергетика және ресурстар, өнеркәсіп және қаржы қызметтері сияқты кең секторларда тәуекел мен табыстылықтың оңтайлы арақатынасы бар жобаларға назар аударады. Қор инвестициялық қызметті әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырады, оның ішінде, ең алдымен, акционерлік капиталға тікелей инвестициялар, сондай-ақ борыштық қаржыландыру және басқа қорларға инвестициялар. Жібек жолы қоры сондай-ақ ұлттық немесе халықаралық қаржы мекемелерімен бірлесіп инвестициялық қорларды демеушілікке және құруға уәкілетті.
www.silkroadfund.com.cn
Nasdaq
Nasdaq
Nasdaq AIX-тің акционері және негізгі технологиялық серіктесі болып табылады. Nasdaq AIX-ке трейдинг технологиясын ұсынды, бұл халықаралық және отандық инвесторларға AIX-тің қаржы құралдарына оңай және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Nasdaq Matching Engine – тиімді өнімділікті кең функционалдық мүмкіндіктермен біріктіретін сауда жүйесі.
www.nasdaq.com
Шанхай қор биржасы
Шанхай қор биржасы
2017 жылдан бастап Шанхай қор биржасы (SSE) AIX-тің стратегиялық серіктесі болып табылады. SSE AIX-тің стратегиясына, технологиясына, бизнес-жоспарлауға, өнім әзірлеуге маңызды үлес қосады, нарықта дамуы және өтімділіктің өсуі бойынша құнды ақпарат береді. «Белдеу және жол» бастамасына назар аудару SSE және AIX үшін бірлескен басымдықтардың бірі болып табылады.
www.sse.com.cn