ADX
AIX
0.000
0.0000
0
0
AIX
ADX
37.850
17
7
0
Tabadul дегеніміз не?
Tabadul – аймақтық нарықтық интеграцияны нығайту және инвесторларға қатысушы елдердің қор биржаларындағы инвестициялық мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Абу-Даби қор биржасы (ADX) іске қосқан трансшекаралық сауда платформасы. Tabadul нарықтар арасындағы көпір рөлін атқарады, бағалы қағаздардың ұлттық шекарадан тыс үздіксіз саудасын қамтамасыз етеді.
AIX-тің Tabadul-дағы рөлі
2024 жылғы сәуірде Astana International Exchange (AIX) Tabadul бастамасына ресми түрде қосылып, осы аймақтық платформаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы биржалардың бірі атанды. AIX-тің Tabadul-ға қатысуы трансшекаралық листингтерді дамытудағы және шетелдік инвесторлардың Қазақстан капитал нарығына қолжетімділігін кеңейтудегі маңызды қадам болды.
AIX-тегі инвесторлар мен эмитенттер үшін негізгі артықшылықтар
- Өтімділік фрагментациясының болмауы: Tabadul платформасы ADX брокерлерінің AIX-те орналастырылған бағалы қағаздар саудасына, сондай-ақ AIX брокерлеріне ADX-те қолжетімді құралдарға тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
- IPO-ға қатысу: ADX инвесторлары мен брокерлері AIX-те орналастырылған IPO-ға, ал AIX қатысушылары ADX-тегі орналастыруларға тікелей қатыса алады.
- Өңірлік капиталға қолжетімділік: Қазақстандық инвесторлар Tabadul-ға қосылған басқа биржаларда орналастырылған бағалы қағаздарға оңай түрде қол жеткізе алады, сол сияқты БАӘ-нің, таяуда Оманның инвесторлары AIX құралдарына қол жеткізе алады.
- Нарық өтімділігі: инвесторлар санының ұлғаюы өтімділіктің өсуіне ықпал етеді.
- Операциялық тиімділік: Tabadul трансшекаралық саудадағы реттеуші және операциялық кедергілерді азайта отырып, бірыңғай цифрлық платформаны ұсынады. Сонымен қатар, есеп айырысудың пост-трейд тетігі неттинг (өзара есеп айырысу) процесін жақсартады.
Стратегиялық пайым
AIX-тің Tabadul-ға қатысуы оның төмендегі бағыттарға ұзақ мерзімді бейілдігін көрсетеді:
- Аймақтық капитал нарықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту
- Қазақстандық эмитенттер үшін жаһандық қолжетімділікті кеңейту
- Таяу Шығыстан және басқа аймақтардан институционалдық және бөлшек инвесторларды тарту
- Капитал нарықтары инфрақұрылымындағы инновацияларды қолдау
Tabadul Exchange Hub қатысушылары
Tabadul Exchange Hub-тағы аккредиттелген брокерлер
Сіз Астана халықаралық биржасының қатысушысы болып табыласыз ба?
- Иә
- Жоқ
Әр биржаның өз алымдары, комиссиялары, баждары мен салықтары бар, олар жергілікті қағидалар мен ережелермен белгіленеді. Tabadul арқылы сауда-саттық сыртқы биржаның алымдары мен салықтарының құрылымына бағынады. Барлық комиссиялар, алымдар, баждар мен салықтар тиісті биржаның валютасымен есептеледі және төленеді. Tabadul-да сауда жасау және тіркелу үшін қосымша ақы алынбайды. Әр биржаның алымдары, төлемдері, баждары мен салықтары тиісті биржаның сайтында көрсетілген. Биржалар қолданыстағы құрылымға өзгерістер енгізуге, сондай-ақ алымдардың, комиссиялардың, баждардың және салықтардың жаңа түрлерін қосуға құқылы.