AIX биржасында экономиканың түрлі салалары мен ауқымды географияны қамтыған компаниялардың бағалы қағаздары тіркелген. AIX бизнеске капитал тартып, танымдылығын арттыру үшін сенімді платформа ұсынады. Оңтайландырылған және қауіпсіз листинг процесі, әрі листингтің әрбір кезеңінде қолдау көрсететін кәсіби мамандардың арқасында біз эмитенттерге жаңа мүмкіндіктер ашып, ұзақ мерзімді жетістікке жетуге көмектесеміз.
Өнімдер
AIX эмитенттің қалауына қарай түрлі құралдарды шығара алады. Төмендегі салыстырмалы кестені пайдаланып, өз компанияңыз үшін қолайлы шығарылым түрін таңдаңыз.
| Талаптар | IPO/SPO | REMS | ТАУ-КЕН СЕГМЕНТІ |
CROSS LISTING
|
|---|---|---|---|---|
| Юрисдикция | Кез келген | Кез келген | Кез келген | Кез келген |
| Проспект | АХҚО қағидаларына сәйкес келетін толық проспект | Проспектінің AIX шаблонына негізделген жеңілдетілген нұсқасы | АХҚО қағидаларына сәйкес келетін толық проспект | Проспектінің АХҚО қағидаларына сәйкес келетін түйіндемесі |
| Free float | 10% | 10%, бірақ кемінде $200 млн | 10% | - |
| Түсім | Бір жылдан кем емес таза пайданың болуы қажет | - | - | - |
| Орналастыру және есеп айырысу валютасы | AIX CSD-ның есеп айырысу талаптарына сәйкес келген жағдайда кез келген валюта | |||
| Аудиттелген қаржылық есептілік | 3 жыл | 1 жыл | 3 жыл | 3 жыл |
| Листинг күніндегі ұсыныс көлемі | $1млн-нан кем емес | $1 млн-нан кем емес, бұл ретте компания тікелей листинг опциясын пайдалана алады | $1млн-нан кем емес | - |
| Өтімділік талаптары | Маркет мейкер бойынша талап | |||
| Қосымша талаптар | - | Капиталдандыру $200 млн-нан асқанда бірден AIX-ке хабарлау. | Проспект жариялану күннен кемінде 6 ай бұрын мерзімнен кешіктірілмей берілетін құзыретті тұлғаның есебі | - |
Бағалы қағаздарды листингке және сауда-саттыққа рұқсат беру үшін қажет құжаттар тізімі:
AIX компанияларға борыштық бағалы қағаздардың әр түрін шығару мүмкіндігін ұсынады, бұл оларға капиталды анағұрлым кең нарықтан тартуға мүмкіндік береді және олардың инвесторлар арасындағы танымалдылығын арттырады.
| Талаптар | Жария | Exempt | Wholesale | Коммерциялық қағаздар | ШОБ облигациялары |
|---|---|---|---|---|---|
| Инвесторлардың нысаналы тобы | Шектеусіз | Аккредиттелген инвесторлар | Аккредиттелген инвесторлар | Аккредиттелген инвесторлар | Шектеусіз |
| Эмиссия құжаты | АХҚО қағидаларына сәйкес келетін толық проспект | AIX шаблонына негізделген шарттар мен ережелер | AIX шаблоны негізіндегі эмиссиялық құжат | AIX шаблонына негізделген шарттар мен ережелер | AIX шаблонына негізделген шарттар мен ережелер |
| Кредиттік балл немесе пруденциалдық талаптар | Талап етілмейді | Талап етілмейді | Талап етілмейді | AIX хабарламасы бойынша талап етіледі | Талап етілмейді |
| Орналастыру көлемі | Минимум $500 мың | Минимум $500 мың | Минимум $500 мың | Минимум $500 мың | $500 мыңнан кем емес, бірақ $5 млн-нан артық емес |
| Айналым мерзімі | Шектеусіз | Шектеусіз | Шектеусіз | 1 жылдан артық емес | 37 айға дейін |
| Номиналды құны | Шектеусіз | Шектеусіз | Минимум $100 мың | Шектеусіз | Шектеусіз |
Бағалы қағаздарды листингке және сауда-саттыққа рұқсат беру үшін қажет құжаттар тізімі:
2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап AІХ-те жауапты қаржыландыру өнімдерінің желісі әртүрлі ESG-санаттарға жататын облигациялар шығарылымы мен листингі бойынша Биржа қағидаларының жаңа тарауына сәйкес кеңейді. Қандай да бір ESG-санат облигацияларға эмитент Биржа мойындаған ESG саласындағы халықаралық стандарттардың біріне сәйкестігін растаған кезде "ашық архитектура" қағидаты бойынша беріледі. Мұндай құрылым эмитенттерге өздерінің орнықтылыққа қатысты жобаларын қаржыландыру үшін ең қолайлы ESG-стандарт таңдауда икемділік береді. Облигацияларға берілетін ESG-санат сәйкесті ESG-стандартты көрсететін болады және әлеуметтік, орнықты, көгілдір облигацияларды, транзиттік облигацияларды және орнықтылыққа байланыстырылған өзге де санаттардағы облигацияларды қамти алады.
| Талаптар | ESG облигациялар |
|---|---|
| Кезең ішіндегі аудиттелген қаржылық есептілік | 2 жыл, пайдалылық деңгейіне қойылатын талаптардың жоқтығы |
| Ұсыныс көлемі | минимум $500 000. |
| Тәуелсіз тексеру | Ерікті тарапттың тәуелсіз пікірін және білікті тәуелсіз тарапттардың (аудиторлардың) верификациясы кіретін міндетті сыртқы тексеру. |
| Қаражатты пайдалану | Орнықтылықпен/экологиялық міндеттермен байланысты жобаларды қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру. |
| Эмиссиядан кейінгі есептілік | Қаражаттың жобалар бойынша қалай бөлінісі жатқандығы және ықтималды/қол жеткізілген экологиялық әсер туралы жария түрде ақпараттандыру. |
Astana International Exchange ислам қаржыландыруын дамытуға белсенді қатысады. Ислам қаржы құралдарына әдетте облигациялар (сукук) және жобаларды қаржыландыруға арналған жеке орналастырулар кіреді. Әдеттегі қаржыландырудан айырмашылығы - ислам қаржыландыруында пайыздық өтемақы (Riba), шамадан тыс белгісіздік (Gharar) және харам болып саналатын салаларға (құмар ойындар, алкоголь немесе шошқа шаруашылығы) тыйым салынған. Бұл сала тәуекелдерді бөлуге, активтерді қамтамасыз етуге және этикалық инвестициялауға баса назар аударады.
| Талаптар | Исламдық қаржы өнімдері |
|---|---|
| Шариғат талаптарына сәйкестікке сертификаттау | Құнды қағаздар Шариғаттық бақылау кеңесінің, немесе сертификатталған шариғат кеңесшісінің тексеруінен және мақұлдауынан өтуі керек. Кеңес бизнестің құрылымында, кірістерді пайдалануында және құжаттарында ислам қағидаларының сақталуын қадағалайды. |
| Мәмлені SPV арқылы құрылымдау | Исламдық қаржы өнімдерінде мәмлені жеңілдету үшін арнайы мақсаттағы компания (SPV) жиі пайдаланылады. SPV негізгі активке иелік етеді және инвесторлар үшін бағалы қағаздар шығарады. Сукук жағдайында SPV әдетте сәйкестікті қамтамасыз ету үшін активті эмитентке алдан ала келісілген тәртіппен жалға береді немесе сатады. |
| Базалық активтерге қойылатын талаптар | Сукук материалдық активтермен (мысалы, жылжымайтын мүлікпен, инфрақұрылыммен немесе саудалық дебиторлық берешекпен) қамтамасыз етілуі тиіс. Активтер халал болуы тиіс, ал құралдардан түсетін кірістер тыйым салынған салаларда пайдаланылмауы керек. |
| Пайданы бөлу механизмі | Инвесторлардың кірістері пайыздық төлемдерге емес, базалық активтерден алынатын нақты пайдаға немесе лизингтік кіріске негізделуі тиіс. |
| Құжаттама | Құрылымы мен тәуекелдерді, және барлық қатысушы тараптардың міндеттерін анықтайтын нақты заңдық келісімдер. |
| Шариғат талаптарын үнемі сақтау | Құралдың бүкіл өмірлік циклі бойы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін Шариғат кеңесінің тұрақты аудиттері немесе тексерістері. |
| Нормативтік талаптарға сәйкестік | Листинг биржасының ақпаратты ашу талаптарын, тәуекел бағалауын және корпоративтік басқару стандарттарын қоса алғанда, ережелері мен нормаларын сақтау. |
Құрылымдалған өнімдер мен инвестициялық қорлар инвесторларға портфельді әртараптандыру және тәуекелдерді басқару үшін бірегей және көбінесе дербестендірілген шешімдер ұсыныды. Бұл өнімдерді біздің алаңда орналастыру кеңірек экспозицияға, өсуге және әртараптандырылған инвестицияларға қолжетімділікке мүмкіндік береді.
Құрылымдалған өнімдер:
Құрылымдалған өнімдер - бұл әдетте облигациялар немесе акциялар сияқты дәстүрлі бағалы қағаздарды біріктіретін аралас инвестициялар. Олар тәуекел/сыйақы арақатынасы бойынша әртүрлі артықшылықтарға сәйкес таңдалуы мүмкін, бұл инвесторларға нарықтық өсуге қатысуға және сонымен бір уақытта төмендеу тәуекелдерін басқаруға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қорлар:
Оларға капиталды арттыру, табыс көру немесе диверсификация сияқты түрлі мақсаттарға жету үшін инвестициялаудың кең ауқымын ұсынатын қорлар жатады.
| Талаптар | Құрылымдалған өнімдер | Қорлар | Exempt қорлар |
|---|---|---|---|
| Нысаналы аудитория | Шектеусіз, құрылымына қарай | Шектеусіз | Кәсіби инвесторлар |
| Эмиссия құжаты | АХҚО қағидаларына сәйкес келетін толық проспект | AIFC CIS Rules, AIFC MAR и AIX Business Rules талаптарына сәйкес келетін листинг құжаттары | AIFC CIS Rules, AIFC MAR и AIX Business Rules талаптарына сәйкес келетін листинг құжаттары |
| Кредиттік рейтинг немесе пруденциалдық талаптар | Талап етілмейді | Талап етілмейді | Талап етілмейді |
| Ұсыныс мөлшері | Минимум $500 мың | Минимум $1млн | Минимум $1млн |
| Өтімділік | - | Маркетмейкер | - |
Бағалы қағаздарды листингке және сауда-саттыққа рұқсат беру үшін қажет құжаттар тізімі:
- What costs are associated with an IPO?
- How long does the IPO process typically take?
- What is a prospectus and why is it important?
- What are the typical regulatory requirements for listing on an exchange?
- What is the role of underwriters in an IPO?