Соңғы жылдары бүкіл әлемдегі инвесторлар инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде ESG өлшемшарттарының маңыздылығын көбірек түсінуде. Нәтижесінде көптеген компаниялар ESG-ді өз қызметіне және бизнес стратегияларына енгізе бастады. AIX қолжетімді өнімдер желісі арқылы орнықты дамуға инвестиция салуға мүмкіндік бере отырып, осы трендке сай бола алғанына қуанышты.

AIX жауапты қаржыландыру өнімдерінің қатарын ESG-облигациялармен кеңейтті.
2022 жылдың 5 желтоқсанында AIX Бизнес қағидалары «ашық архитектура» құрылымындағы ESG-санаттарына жататын облигацияларды шығару және листингтеу бойынша жаңа тарауымен толықты. Бұл құрылым эмитенттерге орнықты дамумен байланысты жобаларын қаржыландыру үшін ең қолайлы ESG-стандартты таңдауға икемділік береді. Облигацияларға берілетін ESG-санат тиісті ESG-стандартты көрсетеді және әлеуметтік, орнықты, көк, транзиттік облигацияларды және орнықтылыққа байланысты басқа санаттардың облигацияларын қамтуы мүмкін.

2021 жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы «Самұрық-Энерго» АҚ AIX биржасында өтеу мерзімі 2028 жылдың мамырында және купондық мөлшерлемесі 11,40% болатын 18,4 млрд теңге сомасына дебюттік «жасыл» облигацияларды орналастырды. Барлық сома AIX-ке жария жазылым (букбилдинг) арқылы тартылды.
2020 жылдың тамыз айында Қазақстанда алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» «жасыл» облигациялары жаңғыртылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту бойынша БҰҰДБ-мен келісім аясында AIX-те орналастырылды. 200 млн теңге сомасына өтеу мерзімі 36 ай «жасыл» купондық облигациялар.
Мұндай облигацияларды орналастырудың мақсаты – жаңғыртылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпорындарды кредиттеу.