AIX-те қазақстандық инвесторларға жаһандық нарықтарға салым жасауға мүмкіндік беретін биржалық ноталар орналастырылды
Astana International Exchange («Aix», «Биржа») 2019 жылдың 10 желтоқсанында iX биржалық ноталар («ETN», «Ноталар») AIX-тің ресми тізіміне енгізілгенін хабарлайды. iX ETN – бұл AIX-те орналастыру жоспарланып отырған осындай биржалық өнімдердің кең спектрінің қатарындағы алғашқы қаржы құралы. AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті: «Біз AIX-те бес ETN қордың листингі туралы қуана жариялаймыз. Жаһандық институционалдық және бөлшек инвесторлар өз инвестицияларын барынша аз шығынмен әртараптандыру үшін бұрыннан бері осындай биржалық құралдарды пайдаланып келеді. Енді Қазақстандағы инвесторлар да осындай инвестициялық мүмкіндіктерге – шығыстары мен кірістері ұқсас болатын биржалық инвестициялық қорларға қол жеткізе алады. Листинг ETN-ды қазақстандық инвесторлар үшін қолжетімді етеді және біздің инвесторлар базасын кеңейтеді». Ноталар инвесторлардың әр түрлі нарықтық индекстердің кірістілігіне қол жеткізуі үшін жасалған. ETN кірістілігі инвесторлардың шығындарын шегере отырып, нарықтық индекстің немесе индекстің нарықтық стратегиясының кірістілігін көрсетеді. IX ETN AIX-те инвесторларға өтеу кезінде шығындарды шегере отырып, ақшалай түрдегі базалық активтердің құнын алуға мүмкіндік беретін қарапайым акциялар сияқты сатып алынуы және сатылуы мүмкін. iX ETN Funds, өз кезегінде белгілі бір индекстерді қадағалайтын iShares және USCF биржалық инвестициялық қорларды («ETF») инвестициялайды. iX ETN табыстылығы базалық нарықтық индекстердің табыстылығына сәйкес келеді деп болжануда. iX ноталарын сату 2019 жылдың 13 желтоқсанында басталады. Баға белгілеу және есеп айырысу келесі құралдарға сәйкес АҚШ долларымен жүргізілетін болады:- iX US 500 Equities SPC Limited (IXU) - мөлшері мен өтімділіктің белгілі бір өлшемдеріне сәйкес АҚШ нарығында 500 ірі компанияның (яғни нарықтық капиталдандырылуы үлкен компаниялардың) акцияларының кірістілігін өлшейтін S&P 500 индексінің кірістілігін қадағалайды.
- iX US Aggregated Bonds SPC Limited (IXA) АҚШ-тың Bloomberg Barclays жиынтық облигациялар индексінің кірістілігін бақылайды.
- iX Global Emerging Markets Equities SPC Limited (IXE) көлемі мен өтімділіктің белгілі бір өлшемдеріне сәйкес келетін дамушы елдердегі үлкен, орташа және шағын капиталдандыру компаниялары акцияларының кірістілігін өлшей отырып, MSCI Emerging Markets Investable Market Index кірістілігін қадағалайды, ол
- iX Global Emerging Markets Bonds SPC Limited (IXB) J. P. жаһандық базалық индексінің кірістілігін бақылайды. Morgan EMBI тәуелсіз және квазиегеменді компаниялар шығарған АҚШ долларымен номинацияланып тіркелген және/немесе құбылмалы мөлшерлемесі бар дамушы елдер облигацияларының кірістілігін өлшейді.
- iX Brent Oil SPC Limited (IXО) Brent сұрыпты мұнайына белгілі бір қысқа мерзімді фьючерстік келісімшарттардың өзгерістеріне негізделе отырып, пайыздық мәндегі Brent сұрыпты мұнайына арналған споттық бағаның күн сайынғы өзгеруін көрсетеді.