kz
AIX және Bitfinex Securities ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
08.06.2023

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») және Bitfinex Securities Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, өзара тиімді шарттармен одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Bitfinex Securities – бұл FinTech Lab аясында АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті («AFSA») лицензиялаған, токенизацияланған бағалы қағаздардың листингі мен саудасына арналған платформа.

Тараптар толық өзара алмастырылатын кәдімгі және токенизацияланған бағалы қағаздардың косарлы листингі салаларындағы ынтымақтастық; бағалы қағаздар бойынша тиісті есеп айырысу жүйелері арасындағы пост-трейдингтік байланыстарды ұйымдастыру; кәдімгі және токенизацияланған сауда алаңдары арасында тиімді байланыс арналарын құру жөніндегі бірлескен күш-жігер сияқты бірнеше бастамалар мен ортақ мақсаттарды айқындады.

AIX операциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Оливье Гэрис былай деп атап өтті:

«AIX және Bitfinex «дәстүрлі» және «цифрлық» деп аталатын қаржы – бір медальдің екі жағы және олардың интеграциясы кедергілерден гөрі синергияны тудырады деген уәжбен келіседі. Бұл модельдер антагонист емес және толық реттелетін ортада олардың арасындағы байланыс пен өзара алмасатын арналар құру эмитенттер мен инвесторларға тек пайда ғана әкелуі мүмкін, осылайша жалпы нарықтық өтімділікті арттырады».

Bitfinex Securities операциялық директоры Джесси Кнутсон былай деді:

«Біз AIX-пен осы ынтымақтастықты капитал нарықтарын технологиялық жаңартудағы маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Бұл модель депозитарлық қолхаттар сияқты өнімдерге арзан балама болады және қоғамдық компанияларға жаһандық өтімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Трейдерлер мен инвесторлар үшін бұл нақты уақыттағы есеп айырысудың, 24/7/365 сауда-саттықтың және анағұрлым сапалы инвестициялық мүмкіндіктерге қол жеткізудің артықшылықтарын ұсынады. Қосарлы листинг екі биржада да өтімділіктің негізгі факторларының бірі болуы мүмкін деп санаймыз».

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ "Белдеу және жол" бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.