kz
AIX пен Шанхай қор биржасы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
30.06.2025
AIX пен Шанхай қор биржасы стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Astana International Exchange AIX», «Биржа») AIX пен Шанхай қор биржасының екі биржа арасындағы көп жылдық серіктестікті кеңейту мақсатымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын хабарлайды.

Екі тарап капитал нарығындағы ары қарайғы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын зерттеуге, соның ішінде жаңа қаржылық құралдар мен инвестициялық шешімдерді құрастыру, және екі жақтың нарығын жарнамалауда бір-біріне қолдау көрсету туралы келісті. Меморандумға қол қою рәсіміне АХҚО мен ҚХР Құнды қағаздар нарығын реттеу комиссиясының басшылығы қатысты.

AIX басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова:

«Біз Шанхай қор биржасына AIX құрылған 2017 жылдан бері үздіксіз қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризамыз. Бүгін біз бұдан да терең ынтымақтастық пен өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашатын құжатқа қол қойдық. Үлестік және қарыздық капитал құралдарын дамытатын жаңа бастамаларды тағатсыздана күтеміз, себебі екі биржа да нарықтық ынтымақтастықты нығайтуға және инвесторлар санын арттыруға мүдделі», – деп атап өтті.

Шанхай қор биржасының президенті Цай Цзяньчун былай деді:

«Шанхай қор биржасы осы уақыт аралығында AIX биржасын өзінің Орталық Азиядағы ең маңызды стратегиялық серіктесі деп санап келді, және AIX-тің дамуына қолдау көрсетіп келді. Бүгінгі Меморандум екі тараптың ынтымақтастығындағы тағы бір ілгері қадам болмақ. Біз бұрынғыдай екі елдің жоғары сапалы компанияларын қаржыландылу және операциялық жағынан қолдауға, әрі екі елдің қор нарығының арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге дайынбыз.»


Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ ақпарат: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.