AIX нарық моделін жақсартуға арналған бірқатар бастамаларды іске асырды
AIX (Astana International Exchange, Биржа) нарық моделінің жалпы тиімділігін арттыруға және халықаралық инвесторлардың сенім деңгейін көтеруге бағытталған бірқатар жаңашыл бастамаларды табысты іске асырғаны туралы хабарлайды.
Бір мезгілде төрт бастама жүзеге асырылды, олар: мультивалюталық есеп айырысу моделі, қысқа сатылымдарды қамтитын бағалы қағаздарды кредиттеу мен қарызға алу моделі және катодиалдық модель.
Мультивалюталық есеп айырысу моделі инвесторларға Қазақстандық теңгемен листингтелген бағалы қағаздармен мәміле жасасуға, осыған орай бастапқы кезеңде олар бойынша АҚШ долларымен, ал кейіннен тұтынушылық сұранысқа байланысты басқа да валюталармен есеп айырысуға мүмкіндік береді. Жаңа қызмет FIX-хаттамасын (Биржа мен сауда мүшелері арасында онлайн режімде ақпаратты жоғары технологиялы түрде алмасудың индустриялық стандарты) қолданатын сауда мүшелеріне көрсетіледі. Қызметті пайдалану үшін қажетті барлық деректер Биржа веб-сайтының Market Watch парақшасында көрсетіледі.
Бағалы қағаздарды кредиттеу және қарызға алу моделі әрекет етеуші маркетмейкерлер үшін АІХ Реттеу және комплаенс департаментінің рұқсатын алғаннан кейін қолжетімді болады. Бағалы қағаздармен кредиттеу мәмілелер бойынша есеп айырысудың аяқталмай қалуын болдырмау үшін пайдаланылуы мүмкін. Бағалы қағаздарды кредиттеу және қарызға алу қатынастары Әлемдік нарықта бағалы қағаздарды кредиттеу туралы басты келісімімен (GMSLA) немесе AIX үшін қолайлы кез келген басқа келісіммен реттеледі. Уәкілетті кредиторы бар қолданыстағы GMSLA-ға кіретін маркетмейкерлер қысқа сатылымдарды қамту мүмкіндігіне ие болады.
Кастодиалдық модель институционалдық инвесторлар үшін айтарлықтай жақсартуды білдіреді, бұған сәйкес олардың активтері, ақша қаражаты немесе бағалы қағаздар болсын, АІХ бағалы қағаздарының Орталық депозитарийінің қатысушысы болып табылатын кастодианда үнемі сақтауда болады. Сауда мүшелері АІХ-те мәмілелер жасасуды жалғастырады, алайда кейін жасасқан мәмілелерді клиент тарапынан расталғаннан соң мәмілелерді және ақша қаражатымен немесе бағалы қағаздармен есеп айырысу бойынша кейінгі міндеттемелерді өзіне алатын кастодианға бере алады. Клиент кастодианға растау бермеген жағдайда, есеп айырысу міндеттемесі сауда мүшесінде қалады.
Жаңа функциялардың енгізілуіне түсіндірме бере отырып, АІХ Операциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Оливье Гэрис - "олар дамушы қаржы нарықтарында әдетте ұсынылатындардың шеңберінен айтарлықтай дәрежеде шыққанын" атап өтті. Бұл бастамаларды енгізу біздің нарықтың өтімділігіне едәуір оң әсер етеді, сондай-ақ бұл инвестиция үшін қауіпсіз және сенімді орын екеніне институционалдық инвесторлардың сенімділік деңгейін негізге ала отырып, AIX-ке жаңа институционалдық инвесторларды тартуға көмектеседі.
Осы жақсартуларды көрсететін AIX Бағалы қағаздарының орталық депозитарийі қағидаларының өзгерістерін АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мақұлдады. AIX Бағалы қағаздарының орталық депозитарийінің рәсімдері тиісті түрде жаңартылды. Ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://aix.kz/clearing-settlement/
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыруды мақсат тұтады. АХҚО міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]
Reference:
AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz
The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/
The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.