AIX-тің қаржы нарықтарын дамыту бағытын Тимур Абушкин басқарды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (АХҚО биржасы, AIX) Тимур Абушкиннің қаржы нарықтарын дамыту жөніндегі басшы болып тағайындалғанын хабарлайды. Тимурдың инвестициялық банктермен, биржалармен және қаржы-стартаптармен 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. АХҚО биржасына келгенге дейін Тимур Tokenomica – Сингапурдағы цифрлық активтерді шығару жөніндегі платформаны және Xena Exchange – Лондондағы цифрлық активтердің инновациялық биржасы сияқты бірқатар финтех-стартаптарда басшылық лауазымдарды атқарған. Бұған дейін ол JP Morgan компаниясында Ресей мен ТМД елдеріндегі акциялар саудасы жөніндегі вице-президент, сондай-ақ РТС (кейін МБВБ-мен қосылу нәтижесінде Мәскеу биржасы) Қор биржасы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
AIX-те Тимур брокерлер мен институционалдық клиенттермен, әлеуетті және жұмысын атқарып жатқан эмитенттермен өзара әрекеттесуге, сондай-ақ өнімдер түрлерін дамытуға жауап беретін қаржы нарығын дамыту тобын басқарды.
Тимур Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетін бітіріп, еңбек жолын Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінде бастаған, онда қарыз саясатын әзірлеуге қатысқан, 2005 және 2006 жылдары Париж клубына мүше-елдері алдындағы 40 млрд доллар көлеміндегі мемлекеттік сыртқы берешекті мерзімінен бұрын өтеуге тікелей қатысқан, сондай-ақ ресейлік кредиттік рейтингті беру және қолдау бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктердің жұмысын үйлестірумен айналысқан. Түрлі ұйымдарда жұмыс істеген уақытта Тимур әр түрлі ұйымдар үшін жалпы сомасы $15 млрд астам капитал тарта алды.
Тим Беннетт, AIX басқарма төрағасы:
"Біз осындай бай жұмыс тәжірибесі бар Тимур сияқты кәсіби маманды қарсы алуға қуаныштымыз және ол өзінің барлық жинақталған білім қорын, сондай-ақ Қазақстан мен өңірдегі капитал нарығын дамытудағы инновациялық тәсілді пайдаланады деп үміттенеміз", - деп мәлімдеді.
Тимур Әбушкин өзінің қызметке тағайындалуы туралы түсініктеме берді:
"Мен АХҚО мен AIX басшылығының маған көрсеткен сенімі үшін ризамын. Бұл тағайындау мен үшін кезекті кәсіби сынақ және тәжірибемді қолдануға жақсы мүмкіндік. Мен прогрессивті тәсілдің және қаржы индустриясындағы үздік халықаралық тәжірибелерді пайдаланудың арқасында AIX тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азияның қаржы нарықтарына қолжетімділіктің бірыңғай терезесі болуға барлық мүмкіндігі бар екеніне сенімдімін".
Анықтамалық ақпарат:
AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы саудасын ашты. АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ, АІХ сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]
Reference:
AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz
The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/
The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.