kz
AIX Орталық депозитарийі Еуропалық орталық депозитарийлер қауымдастығының мүшесі атанды
29.03.2019
AIX Орталық депозитарийі Еуропалық орталық депозитарийлер қауымдастығының мүшесі атанды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (АХҚО биржасы, AIX) AIX Орталық депозитарийі Еуропалық орталық депозитарийлер қауымдастығының (ECSDA) Қауымдасқан мүшесі атанғанын хабарлайды.

ECSDA құрамына Еуропаның 36 еліндегі 40 ұлттық және халықаралық орталық депозитарийлер (ОД) кіреді. Қауымдастық өзара пікір алмасу, үздік практикаларды әзірлеу және өзара қызығушылық туғызатын жобаларды ілгерілету мақсатында еуропалық ОД-лар үшін алаң ұсынады. Алаңның қызметі еуропалық және жаһандық қаржы нарықтары үшін тиімді және тәуекелге ұшырамайтын инфрақұрылым құру үшін ОД қоғамдастығы, еуропалық және халықаралық реттеуші органдар мен басқа да мүдделі тараптар арасындағы сындарлы диалогқа жәрдемдесуге бағытталған.

AIX ОД басқарма төрағасы Тим Беннетт: «AIX Орталық депозитарийі пост-трейдинг саласындағы халықаралық стандарттарды ұстануға және өз қызметін осы саладағы озық тәжірибеге сәйкестендіруге ниетті. ECSDA-ға мүшелік – біздің бұл міндеттемеге бейілдігімізді көрсетеді. Біз тек халықаралық стандарттарды сақтай отырып,  инвесторларға клиринг пен есеп айырысу бойынша AIX қызметтеріне сенімділікті қамтамасыз ете алатынымызды түсінеміз. Біз сенімді инфрақұрылым құруды жалғастырып жатырмыз» – деген түсініктеме берді.    

«Біз ECSDA-ның қауымдастырылған мүшесі атануға және еуропалық ОД үшін өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша диалог пен пікір алмасуға арналған форумды қамтамасыз ететін ECSDA жұмысына қатысуға қуаныштымыз», – деп атап өтті AIX клиринг және есеп айырысу бөлімінің басшысы, AIX CSD бас директоры Анна Колесниченко.

«Бағалы қағаздардың еуропалық Орталық депозитарийлері жаһандық қаржы желісі қауіпсіздігінің жалпы деңгейі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қаржы нарықтарының трансшекаралық байланыстарының жоғары сапасына ерекше мән береді. Біз AIX CSD-ді  Қауымдастықтың құрамына қабылдағанымызға қуаныштымыз», – деп мәлімдеді ECSDA Бас хатшысы Анна Кулик.

Анықтамалық ақпарат: 

AIX. АХҚО Биржасы (AIX) 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын АХҚО дамыту шеңберінде құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АІХ алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын ашып берді.  АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ,  АІХ сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX-тің акционерлері болып табылады. www.aix.kz  

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты –  халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтер көрсететін жетекші орталық қалыптастыру. АХҚО міндеттеріне қаржылық қызметтер көрсету саласына инвестициялау үшін тартымды орта жасау арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету жатады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы 
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]

Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.