kz
Сайттан іздеу
AIX исламдық бағалы қағаздар үшін жеңілдетілген тарифтік жүйені енгізеді
03.11.2026
AIX исламдық бағалы қағаздар үшін жеңілдетілген тарифтік жүйені енгізеді

Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») AIX-те шығарылатын исламдық борыштық бағалы қағаздар мен құрылымдық өнімдердің жариялы түрлері үшін жаңа тарифтік жүйе енгізілетінін хабарлайды. Бұл бастама Биржаның Қазақстандағы исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға қолдау көрсетуі.

Бастама AIX-тің исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі жол картасына сәйкес келеді және исламдық қаржы құралдары арқылы капитал нарығына қол жеткізуді жеңілдетуге бағытталған.

Жаңа талаптарға сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында шығарылған бағалы қағаздарға мынадай тарифтер қолданылады:

  • Бастапқы листингтік төлем: толығымен алынып тасталады;
  • Сауда-саттыққа жіберу үшін бастапқы төлем: толығымен алынып тасталады;
  • Сауда-саттыққа жіберу үшін жыл сайынғы төлем: әрбір жеке шығарылым немесе бағдарлама шеңберіндегі транш үшін жылына 2 000 АҚШ долларына дейін төмендетіледі.

Төмендетілген жыл сайынғы төлем тиісті бағалы қағаздардың бүкіл айналым мерзімі ішінде қолданылады. Бұл ретте бағалы қағаздар 2027 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей шығарылуы тиіс.

2023 жылдан бастап AIX ESG-облигациялар шығарылымдарын қолдау мақсатында бастапқы листингтік алымдар мен сауда-саттыққа жіберу төлемдерін алып тастауды қоса алғанда, тарифтік жеңілдіктер ұсынып келеді. Бұл жеңілдіктер 2027 жылы да сақталады, ал сауда-саттыққа жіберу үшін жыл сайынғы төлем 2 000 АҚШ долларын құрайды. 

AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай деп атап өтті:

«Әртараптандырылған капитал нарығын дамыту үшін тек инфрақұрылымның болуы жеткіліксіз. Ол эмитенттерге қаржы тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және инвесторлардың қаржы құралдарының кең ауқымына инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейтуге де байланысты. Осы тарифтік шарттар арқылы AIX ESG құралдары мен исламдық қаржыландыру құралдарын шығарудағы кедергілерді азайтып, оларды шығаруды қолжетімді әрі экономикалық тұрғыдан тиімді етуді көздейді. Бұл шаралар тұрақты қаржыландыруды қолдау және Қазақстанның исламдық капитал нарығын дамыту жөніндегі кең ауқымды міндеттемелеріміздің бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар олар эмитенттерге AIX арқылы инвесторлар тарту үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады».

Осы шаралар арқылы AIX ESG құралдары мен исламдық қаржыландыру құралдарын капитал тарту стратегияларының бір бөлігі ретінде қарастыратын эмитенттер санын кеңейтуді және Қазақстанның капитал нарығын одан әрі әртараптандыруға ықпал етуді көздейді.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz