kz
AIX Qazaq индексінің тоқсандық қайта қаралуы
02.07.2026
AIX Qazaq индексінің тоқсандық қайта қаралуы

AIX Qazaq индексінің әдіснамасына сәйкес, Индекс комитетінің кезекті тоқсандық отырысы 2026 жылғы 1 шілде, сәрсенбі күні өтті.

AIX Qazaq индексі комитеті келесі шешімдерді қабылдады:

  • Bloomberg орнына Refinitiv ақпараттың жалғыз негізгі көзі ретінде белгілеу мақсатында QI индексінің әдіснамасын жаңарту.
  • QI индексін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қайта теңгерімдеу.


2026 жылғы 30 маусымдағы сауда күнінің жабылуындағы жағдай бойынша AIX Qazaq индексінің құрамына кіретін бағалы қағаздар және олардың салмақтары:

Компаниялар
Салмағы
Halyk Bank
11.19%
NAC Kazatomprom
15.00%
Central Asia Metal
0.88%
Freedom Holding Corp
15.00%
Kazakhtelecom
1.54%
KazTransOil
1.54%
Bank CenterCredit
3.45%
Kcell
2.44%
Kaspi
15.00%
KazMunayGas
15.00%
Solidcore
8.70%
KEGOC
1.87%
Air Astana
1.09%
Altyngold Plc
0.73%
Jiaxin International Resources
6.56%

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz