- капитал нарығы арқылы жобаларды қаржыландыруға қатысты – Қытай мен Қазақстан арасындағы шамамен 72 миллиард АҚШ доллары сомасындағы 55 ынтымақтастық жобаларына жауап беретін Қытай шетелдік даму қауымдастығымен (CODA);
- кредиттік-рейтингтік қызметтерді ұсынуға және BRM сегментінде облигациялар нарығын бірлесіп дамытуға қатысты – Қытайдағы ең ірі China Chengxin International Credit Rating Co. кредиттік рейтинг агенттігімен;
- BRM сегменті үшін заң қызметтерін ұсынуға қатысты – АХҚО-да филиал ашқан Қытайдағы жетекші заң фирмаларының бірі – Deheng Law Offices-пен;
- түрлі индустриялар үшін кәсіби қызметтердің жетекші жеткізушілерінің бірі – PwC Kazakhstan (PricewaterhouseCoopers);
- Қытайдағы ірі брокер және инвестициялық банк CITIC Securities-пен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
AIX "Белдеу және Жол" арнайы сегментін дамыту бойынша негізгі кезеңдердің орындалуы туралы хабарлайды
1-4 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Finance Days конференциясы аясында Astana International Exchange (АІХ, Биржа) Қазақстан мен өңірде "Белдеу және Жол" бастамасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін құрылған "Belt and Road Market" (BRM) арнайы сегментін дамыту бойынша негізгі кезеңдердің орындалғаны туралы хабарлады. BRM сегменті шеңберінде қаржыландыруды тарта алатын жобалар тізімі үлкен және онда Қазақстанның "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты аясындағы жобалар, Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттар ынтымақтастық қорының жобалары, сондай-ақ инфрақұрылымдық дамумен байланысты жобалар қамтылған. BRM сегментінде листингтеле алатын және сауда-сатты жүргізіле алатын бағалы қағаздар облигациялар, акциялар мен asset-backed securities – ABS (активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздарды) қамтиды. Осы бағалы қағаздар AIX мақұлдаған валюталарда деноминациялануы мүмкін.
"Біз үшін бұл өршіл жоба, өйткені AIX-тағы BRM сегменті "Белдеу және Жол" бастамасы аясында жобаларды қаржыландырудың алғашқы бірегей тетігі болып табылады", - деп атап өтті AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт. - Капитал нарығы "Белдеу және Жол" жобаларына инвестициялау үшін жеке және мемлекеттік инвесторларға арналған барынша оңтайлы шешімдердің бірі. Ол қазіргі таңда жергілікті және өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың негізгі көзі - банктік кредиттерге жақсы қосымша болады деп күтілуде".
Жаңа сегментті дамыту бойынша жұмыс шеңберінде АІХ нарықтың негізгі қатысушыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатты. Astana Finance Days конференциясы аясында келесі ұйымдармен:
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz