Astana International Exchange («AIX», «Биржа») «Алтын Орман и К» ЖШС шығарған жасыл купондық облигациялардың бірінші траншы AIX-те листингке енгізіліп, сауда-саттыққа жіберілгенін хабарлайды.
Бірінші транштың көлемі 500 млн теңгені құрады, айналым мерзімі - үш жыл. Шығарылым 5 млрд теңге көлеміндегі жасыл облигациялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Шығарылым аясында тартылған қаражат жоғары сапалы ағаштарды сатып алып, толық циклді орман тәлімбақтарын кеңейтуге және одан әрі дамытуға жұмсалады. Жоба жеке орман өсіру бастамаларын қолдауға, Мемлекеттік орман қорының орманды қалпына келтіру бағдарламаларына қатысуға, сондай-ақ қалалық және ауылдық аумақтарды көгалдандыруды дамытуға бағытталған.
AIFC Green Finance Centre шығарылым бойынша кеңесші ретінде қатысып, мәмілені құрылымдауға қолдау көрсетті.
AIX Басқарма төрайымы Асель Мұкажанова атап өтті:
«Тұрақты қаржыландыру құралдарының желісін кеңейту AIX үшін маңызды бағыт болып қала береді. Біз нарықтағы тұрақты қызығушылықты және бизнес тарапынан экологиялық бастамаларды қолдаудың артып келе жатқанын байқап отырмыз. Сонымен қатар, инвесторлардың осындай құралдарға деген сұранысы сақталуда, бұл өз кезегінде эмитенттер мен инвестициялық қоғамдастық мүдделерінің үйлесімділігін растайды».