kz
Alatau City Bank AIX биржасында Коммерциялық қағаздар бағдарламасын тіркеген алғашқы эмитент атанды
28.07.2025
Alatau City Bank AIX биржасында Коммерциялық қағаздар бағдарламасын тіркеген алғашқы эмитент атанды

1

Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») «Alatau City Bank» акционерлік қоғамы шығарған коммерциялық қағаздардың екі траншпен листингке енгізілгенін қуана хабарлайды. Аталған облигациялар жалпы сомасы 500 000 000 АҚШ доллары болатын бағдарлама аясында шығарылды. Орналастырылған транштар 6 және 12 ай мерзіммен өтеуге арналған, әрқайсысы 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі дисконттық (купонсыз) коммерциялық қағаздардан тұрады.

Біржан Астаев, AIX Нарық және өнімдер жөніндегі басқарушы директоры:

«Бұл — AIX алаңындағы алғашқы коммерциялық облигациялар шығарылымы, және біз Alatau City Bank-ті өзінің дебюттік Бағдарламасының іске қосылуымен құттықтаймыз. Бұл маңызды кезең AIX ұсынған жаңа өнімдерге нарықтың оң көзқарасын, инфрақұрылымымызға деген сенімнің артуын және қысқамерзімді қаржыландыру мен қаржылық икемділікті көздейтін эмитенттердің қызығушылығының өскенін көрсетеді.»

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz