Astana International Exchange («AIX», «Биржа»), АІХ Бағалы қағаздар депозитарийі («AIX CSD») және Euroclear Bank кеңейтілген есеп айырысулар бойынша жаңа сервис іске қосылғаны туралы қуана хабарлайды. Келісімге сәйкес институциялық инвесторлар Euroclear Bank-та айналымға жіберілген және АІХ-та саудаланатын шетелдік бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды Euroclear Bank-да ашылған өздерінің шоты арқылы (егер олар Euroclear Bank және АІХ қатысушылары болып табылса) немесе Euroclear Bank-тағы өздерінің кастодиандары арқылы жүзеге асыра алады.
Жаңа сервис халықаралық инвесторларға анағұрлым жоғары тиімділік ұсынады, өйткені бұл мәмілелерді енді Euroclear-дің мультивалюталық ортасында тікелей жасауға болады.
Кеңейтілген есеп айырысу бойынша қызмет көрсетуді алу үшін нарықтың мүдделі қатысушылары Euroclear Bank-қа AIX CSD олардың Euroclear Bank-тағы шоттарына қатысты есеп айырысулар бойынша нұсқаулар жіберу құқығына ие екендігі туралы сенімхат ұсынуы тиіс.
AIX CSD бас директоры Анна Колесниченко былай деп атап өтті:
«Біз Euroclear-мен келісімге қол жеткізгенімізге және барлық қажетті техникалық және заңгерлік талаптарды орындағанымызға және шетелдік институциялық инвесторларға шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа қызмет ұсына алатынымызға қуаныштымыз».