kz
Astana International Exchange 2026 жылғы наурыз айына арналған AIX нарығына шолу ұсынады
20.04.2026
Astana International Exchange 2026 жылғы наурыз айына арналған AIX нарығына шолу ұсынады

Сауда операциялары бойынша қысқаша шолумен қатар, Биржа кеңейтілген ақпаратты ай сайын тұрақты түрде ұсынуды жоспарлап отыр.

Сізге ыңғайлы болуы үшін біз сраптамалық ақпарат дайындадық. Онда сіз Qazaq Index динамикасымен, биржалық статистикамен, жаңа құралдардың листингтерімен, жеке инвесторлардың есеп-шоттары туралы ақпаратпен , AIX / AIX CSD жаңа қатысушыларымен, секторлар бойынша сауда көлемдерінің динамикасымен, сондай-ақ құрылымдық өнімдер нарығына шолумен таныса аласыз.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz