kz
AIX алаңында БАӘ-нен шыққан финтех-платформа Deal Drive үшін қарыз құралдары орналастырылды
08.09.2025
AIX алаңында БАӘ-нен шыққан финтех-платформа Deal Drive үшін қарыз құралдары орналастырылды

-

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») R Debentures LLC компаниясы шығарған кредиттік ноталардың сәтті орналастырылғанын хабарлайды. Компания АҚШ-тың Делавэр штатында тіркелген және ол қаражатты Deal Drive Car Rental LLC компаниясына берілетін қарызды қаржыландыру үшін тартты.

Deal Drive – MENA аймағы мен Еуропадағы автодилерлерге қорларды, баға белгілеуді және сатуды жасанды интеллект көмегімен талдауға және басқаруға мүмкіндік беретін технологиялық финтех-платформа. Орналастыру көлемі 2 млн АҚШ долларын құрады, айналыс мерзімі – 2 жыл, купондық төлемдер – жылдық 10,25% мөлшерінде ай сайын жүргізіледі.

Транзакцияны АХҚО-да тіркелген және Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен (AFSA) лицензияланған брокерлік компания Raison Securities Limited жүзеге асырды.

AIX-тің нарықтар және өнімдер жөніндегі басқарушы директоры Біржан Астаев былай деп атап өтті:

«Біз Deal Drive сияқты инновациялық компаниялардың халықаралық инвесторларға шығуын қолдауға қуаныштымыз. Бұл орналастыру тек жергілікті және аймақтық инвесторларға тартымды мүмкіндік ұсынып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жоғары әлеуеті бар технологиялық компанияларға қол жеткізудің платформасы ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді. Инвесторларды жылдам дамып келе жатқан финтех және жаңа көлік технологиялары секторларымен байланыстыра отырып, биржамыз капитал нарықтарының аймақтық хабы ретіндегі позициясын нығайтады».

Raison компаниясының теңқұрушысы Андрей Березин қосты:

«Біз үшін Қазақстанға тек қаржы құралдарын ғана емес, мықты командалары бар және табысты тәжірибесі дәлелденген нақты технологиялық компанияларды әкелу маңызды. Deal Drive – дәл осындай қарыз алушы: бұл платформа Еуропа мен MENA нарықтарында өз тиімділігін дәлелдеді және жаһандық деңгейге шығуы әбден мүмкін. Біз инвесторлардың осы шығарылымға жоғары қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз және ол болашағы зор технологиялық компаниялардың облигацияларын болашақта орналастыру үшін эталонға айналады деп сенеміз».

Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.