Облигациялар бес жылдық транш бойынша 2,25% және он жылдық транш бойынша 2,75% мөлшеріндегі купондық төлеммен орналастырылды. Шығарылымның жалпы көлемі 3,7 млрд қытай юанін құрады. Бұл Қазақстанның жетекші даму институты шығарған қытай юаніндегі бағалы қағаздарға инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетеді.
AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:
«Қазақстанның Даму Банкінің Dim Sum облигацияларын AIX-те листингтен өткізу биржамыз арқылы қытай юаніндегі қаржыландыру мен инвестициялық мүмкіндіктерге қолжетімділікті кеңейтудегі маңызды кезең болып табылады. Инвесторлардың жоғары қызығушылығы Қазақстан мен Қытайдың капитал нарықтарының интеграциясын одан әрі күшейту үшін үлкен әлеует бар екенін көрсетеді. Біз ҚДБ-ға халықаралық инвесторлар базасын кеңейтуге қолдау көрсетіп, эмитенттер мен инвесторларды әртүрлі нарықтарда байланыстыратын платформа ретінде AIX-ті одан әрі дамытамыз».
ҚДБ-ның Dim Sum облигацияларының AIX-те листингтен өтуі Биржадағы юаньмен номинацияланған құралдар желісін кеңейтіп, инвесторларға Қазақстанның капитал нарығына қатысу үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады.