kz
Қытайдың ең ірі компанияларының көрсеткіштері көрініс табатын биржалық ноталар AIX-те листингтелді
29.06.2022

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») iX China Equities BR жаңа биржалық нотасы («ETN») жаңа базалық актив ретінде iShares MSCI China A ETF («CNYA») акцияларымен листингтелгенін қуана хабарлайды. Биржалық ноталардың эмитенті арнайы мақсаттағы компания («SPC») - iX China Equities SPC Limited болып табылады, оның жалғыз активтері Қытайда қор нарығының көрсеткіштеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін аса ірі биржалық инвестициялық қорлардың бірі -  CNYA-ның акцияларымен ұсынылған.

АХҚО басқарушысы доктор Қайрат Келімбетов былай деп атап өтті:

«Біз AIX «Белдеу және жол» сегментіндегі юаньмен деноминацияланған жаңа бағалы қағаздардың листингін құптаймыз, бұл капитал нарығында инновациялық шешімдерді ілгерілетуге ықпал етеді. Юаньдағы биржалық ноталар листингі «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде Қазақстан мен Қытай арасындағы кеңейе түсіп отырған қаржылық интеграцияның маңызды кезеңі болып табылады, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияда Қытай юаны үшін есеп айырысу орталығының одан әрі дамуына ықпал ететін болады».

«Jusan Bank» АҚ базалық активтерді сақтау үшін кастодиан-банк, ал Russel Bedford A+ Partners компаниясы аудиторлық фирма ретінде болады.

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді  

AIX нарығының «Белдеу және Жол» (BRI) сегменті BRI жобалары үшін капитал нарықтарына шешімдер ұсынуға бағытталған, сонымен қатар BRI жобаларына жеке капиталды қосымша инвестицияларды тарту үшін тамаша платформа болып табылады. Негізінен, қарапайым акциялар, облигациялар, активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар және депозитарлық қолхаттар бағаланатын және сатылатын AIX Belt және Road Market нарығы үшін валюта юань болады.

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz