AIX-те исламдық облигациялар алғаш рет орналастырылды
Astana International Exchange (AIX, Биржа) Qatar International Islamic Bank (Катар халықаралық ислам банкі (QIIB) шығарған исламдық қаржыландыру талаптарына сәйкес келетін сукук қарыз құралын Биржаның ресми тізіміне енгізілгені туралы хабарлайды.
QIIB сукукін алғашқы орналастыру Лондон қор биржасында (LSE) $500 млн сомасына жылдық мөлшері 4,264%-ды құрайтын жыл сайынғы бекітілген купонымен жүзеге асырылды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов былай деді:
«QIIB сукугін LSE-мен қатар AIX-те кросс-листинг үшін таңдауы халықаралық бизнес-қоғамдастықтың біздің қаржы орталығымызға деген сенімін көрсетеді. Біз барлық әлеуетті эмитенттерді QIIB-ден үлгі алып, өздерінің инвесторлық базасын кеңейту, өтімділікті жақсарту және жаңа нарықтарда исламдық қаржы өнімдеріне қолжетімділік алу үшін АХҚО платформасын қолданудан пайда алуға шақырамыз. Біздің серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықтың бұл түрі Қазақстан мен өңірдегі исламдық қаржыландыру индустриясының дамуына, сонымен қатар АХҚО-ны исламдық қаржыландырудың халықаралық орталығы ретінде орнықтыруға ықпал етеді деп санаймын».
Абдулбасит Әл-Шайби, QIIB Басқарма төрағасы, айтты:
«Біз QIIB исламдық бағалы қағаздарын (сукук) AIX листингіне қосуға көмектесуге күш салған AIX ұжымына алғысымызды білдіреміз. Бұл QIIB халықаралық деңгейде қалыптасу стратегиясы тұрғысынан маңызды қадам. Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды дамыту мақсатында АХҚО-ның стратегиялық серіктесі атанғанымыз біз үшін үлкен құрмет.
AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт былай атап өтті:
«Біз QIIB исламдық борыш құралдарының біздің нарықтағы листингін құптаймыз. Біз листинг инвесторлар мен жалпы нарық үшін жақсы белгі болады және исламдық қаржы құралдарын одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді деп ойлаймыз. AIX Орталық Азия өңірінде сукуктерді, сондай-ақ шариғат қағидаларына сәйкес келетін басқа да өнімдердің листингіне арналған негізгі алаңы болуды көздеп отыр».
Анықтама:
AIX 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX "Белдеу және жол" бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
QIIB. Катар халықаралық ислам банкі – бұл Катар мемлекетіндегі исламдық банкингі үшін жеке және корпоративтік шешімдерді ұсынатын жеке қаржы ұйымы. Катардың Орталық банкі реттейтін және халықаралық рейтингтік агенттіктер тарапынан қаржылық тұрақтылық тұрғысынан жоғары бағаға ие болған банк, өз клиенттеріне исламдық қаржыландыру талаптарына сай депозиттер, қаржы және сақтандыру бойынша үздік өнімдерді ұсыну үшін жергілікті және халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді. www.qiib.com.qa
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]
Reference:
AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz
The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/
The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.