kz
Қазақстан алғашқы егемендік панда-облигацияларын рекордтық бағамен орналастырды
29.05.2026
Қазақстан алғашқы егемендік панда-облигацияларын рекордтық бағамен орналастырды

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») AIX Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қытайдың ішкі капитал нарығындағы алғашқы егемендік панда-облигацияларының сәтті орналастырылғанын хабарлайды. Бұл маңызды мәміле Қазақстанның халықаралық борыштық капитал нарықтарындағы қатысуын кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады және қаржыландыру көздерін әртараптандыру мен жаһандық өтімділіктің жаңа пулдарына қолжетімділікті кеңейту стратегиясының нәтижесінде жүзеге асырылды.

Егеменді облигациялар шығарылымының көлемі 3,4 млрд юань, айналым мерзімі 3 жыл, купондық мөлшерлемесі 1,90%. Орналастыру Қытай институционалдық инвесторлары тарапынан ерекше жоғары сұранысқа ие болды: сұраныс шығарылым көлемінен екi есе артып, нарықтың Қазақстанның егемендік кредиттік профиліне және елдің ұзақ мерзімді экономикалық келешегіне жоғары сенімін көрсетті.

Листинг Пекин қаржылық активтер биржасында және AIX алаңында өтті, бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржылық байланыстардың одан әрі дамуына ықпал етіп, капитал нарықтары саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтты. Қосарлы листинг екі нарық арасындағы интеграцияның күшеюін айқындап, трансшекаралық инвестициялар мен ұзақ мерзімді қаржылық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ортақ ұстанымды білдіреді.


AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алғашқы егемендік панда-облигацияларының орналастырылуына қатысқанымызды мақтан тұтамыз. Қытай институционалдық инвесторлары тарапынан жоғары сұраныс Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне және егемендік кредиттік профилінің сапасына деген халықаралық сенімнің артқанын көрсетеді. Beijing Financial Assets Exchange және Astana International Exchange алаңдарындағы қосарлы листинг нарықтар интеграциясының өсуін көрсетіп, AIX-тің аймақтық және халықаралық капитал ағындары арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі рөлін растайды. Бұл мәміле эмитенттер мен инвесторлар арасындағы екі нарықтағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және болашақ трансшекаралық шығарылымдарың негізін қалайды деп санаймыз».

Шығарылымды жетекші букраннер әрі андеррайтер ретінде China International Capital Corporation, бірлескен букраннерлер әрі андеррайтерлер ретінде Industrial and Commercial Bank of China және China Construction Bank Corporation, сондай-ақ жергілікті лид-менеджер ретінде Teniz Capital Investment Banking жүзеге асырды.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz