kz
AIX-те Қазақстан Халық Банкінің бағалы қағаздарының листингі жүзеге асырылды
30.09.2019
AIX-те Қазақстан Халық Банкінің бағалы қағаздарының листингі жүзеге асырылды
Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 2019 жылғы 30 қыркүйекте «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) жай акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ) AIX ресми тізіміне енгізілгенін хабарлайды. Halyk Bank жай акциялары «HSBK» тикерімен, ЖДҚ «HSBK.Y» тикерімен листингіленген. ЖДҚ АҚШ долларында саудаланады және LSE-дегі (London Stock Exchange) ЖДҚ-ға толық айырбасталатын болып табылады. Қазіргі уақытта HalykBank-тың жаһандық депозитарлық қолхаттары Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған жалғыз қазақстандық банк болып табылады. LSE-дегі Halyk Bank-тың IPO 2006 жылы өтті. AIX Басқарма төрағасы Тим Беннеттің айтуынша: «AIX-тегі Halyk Bank бағалы қағаздарының листингі жергілікті және шетелдік бөлшек инвесторлардың бір сауда алаңында банктің акциялары мен ЖДҚ сауда-саттығына толық қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның интеграцияланған акционерлік нарығын дамытудағы маңызды кезең. Біз ҚР банк секторында көшбасшы Halyk Bank-тің AIX-те листингтен өткеніне қуаныштымыз». Halyk Finance AIX-те листинг ұйымдастырушысы болды. Анықтама ретінде: AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қражы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО,  GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы,  Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа осылайша, инвестициялау үшін сенімді шарттарды қамтамасыз ете отырып, жалпы ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруға тарту үшін түсінікті әрі тиімді талаптарды ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды. АХҚО құру туралы конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеттері елдің экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды ортаны құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялауды қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz Halyk Bank. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ нарықта 95 жылдан астам табысты жұмыс істейтін және негізгі көрсеткіштер бойынша елдегі көшбасшы саналатын, Қазақстан Республикасының ірі коммерциялық банкі болып табылады. Банк өз клиенттеріне кең ауқымды қызметтерді (банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассация және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Банк сондай-ақ Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және жақында Өзбекстанда өз операцияларын жүзеге асырады. Банк Рейтингі: Moody’s – “Ba1”, Fitch Ratings және Standard & Poor's – “BB”. https://halykbank.kz БАҚ үшін байланыс: Елена Пак АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы Tel: +7 (7172) 23 53 94 Email: [email protected]

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz