kz
<strong>BI Development өтімділікті басқару бағдарламасы AIX-те тіркелді </strong>
29.05.2023

Astana International Exchange ("AIX", "Биржа") BI Development компаниясының бағалы қағаздарының Liquidity Management Programme (Өтімділікті басқару бағдарламасы) шеңберіндегі алғашқы эмиссиясы AIX-те тіркеліп, орналастырылғанын хабарлайды.

Қазақстандағы ірі құрылыс компанияларының бірі BI Development Биржада өзінің Өтімділікті басқару бағдарламасын тіркеді. Бұл AIX-тің жаңа өнімі және BI Development бұл құралды бірінші болып қолданды. Бағдарлама компаниялардың бір тобына (холдингке) біріккен бірнеше қатысушыны қамтиды және олардың кез-келгеніне бірнеше күн ішінде борыштық құралдарды шығаруға және орналастыруға мүмкіндік береді.

Әсел Мұқажанова, AIX басқарма төрағасының м.а.:

"Клиенттерге сапалы қызмет көрсету – бұл AIX компаниясының негізгі қағидаттарының бірі, ал Өтімділікті басқару бағдарламасы – бұл бизнестің сұраныстарын қанағаттандыру үшін жасалған өнім. Біз күш-жігеріміздің нақты нәтижеге алып келгеніне және BI Development осы құралды алғашқы болып пайдаланғанына қуаныштымыз. Мен BI-дағы әріптестеріме бүкіл процесс барысында көрсеткен кәсіби біліктілігі үшін алғыс айтқым келеді. Біз басқа клиенттердің Бағдарламаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көріп отырмыз және нарыққа басқа бизнес шешімдер мен өнімдерді ұсынуды жоспарлап отырмыз".

Руслан Ембергенов, BI Development қаржылық директоры:

«Біздің компанияның облигациялардың өтімділігін басқарудың 10 жылдық бағдарламасы шеңберінде AIX-тегі орналастыру туралы қуана хабарлаймын. BI компаниялар тобы үшін шығындарды азайта отырып, бағалы қағаздардың эмиссиясын жеделдететін арнайы бағдарлама әзірлеу қажеттілігі туды. Біздің сұрауымызды AIX-тегі серіктестеріміз жүзеге асырды. Жедел және сапалы жұмысы үшін Биржа командасына алғыс айтамын. Біз ішкі және сыртқы инвесторларға бір облигацияның ең аз сомасы 100 мың долларды құрайтын қарыздар ұсынамыз. Бағдарлама нарық қатысушыларының жоғары қызығушылығын тудыратынына сенімдімін. Бұған дейін BI бірнеше рет Astana International Exchange-де бағалы қағаздарын шығарды және инвесторлар алдындағы міндеттемелерін сәтті орындады. Биржа бағдарламаларына қатысу біздің бизнесімізді ауқымдауға, жобалар портфелін кеңейтуге және тамаша қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етеді».

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ "Белдеу және жол" бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) –2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. www.aifc.kz

BI Development – BI Group компаниялар тобының Қазақстанның ірі девелопері. Құрылыс холдингі – ENR Top-250 Global Constractors беделді халықаралық рейтингіне кіретін елдің бірінші және жалғыз құрылыс салушысы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 194-ші орынға шықты. 28 жылға жуық қызметі барысында BI Development 300 мың қазақстандық үшін 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салды.

Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.