Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Jet Group Ltd. компаниясының көлемі 10 миллион АҚШ долларын қамтамасыз етілмеген купондық жасыл облигацияларын AIX-тегі алдағы листингі және саудаға жіберілуі туралы хабарлайды. Облигациялардың купондық мөлшерлемесі 10% және өтеу мерзімі 2029 жылғы сәуір айы. Бір облигацияның номиналы 100 АҚШ долларын құрайды.
AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:
«Jet Group Ltd. бизнесті ауқымдау үшін жария қарыз нарығын тиімді пайдаланып отыр. Дәстүрлі биржалардың негізгі рөлі де осы - компанияларға қаржы тартуға мүмкіндік беру және бизнестің тұрақты өсуіне ықпал ету».