Халықаралық инвестициялық қоғамдастыққа жетекші компаниялар мен өңірдің макро болжамы таныстырылды
Astana International Exchange (AIX) пен дамушы және шекаралық нарықтардағы жетекші инвестициялық компания «Ренессанс Капитал» 2019 жылдың 24 қазанында Лондонда «Kazakhstan in Focus Day» іс-шарасын өткізді. Мамандандырылған өңірлік іс-шараға келесі салалардағы қазақстандық компаниялар: авиация (Air Astana), қаржы (Халық банк), мұнай-газ саласы (ҚазМұнайГаз, Nostrum Oil & Gas), бөлшек сауда (Magnum Cash & Carry), телекоммуникация («Қазақтелеком», «Кселл»), көлік («Қазақстан темір жолы») және тау-кен өндірісі («KAZ Minerals»), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақстанға инвестициялар салатын немесе салуды қарастырып жатқан 30-дан астам ірі халықаралық инвестор қатысты. Корпорациялар мен инвесторлар арасындағы 100-ге жуық жеке кездесулерден басқа, екі панельдік пікірталас өткізілді, онда баяндамашылар макроэкономикалық болжамдар мен Қазақстан экономикасына инвестиция салудың басым секторларын талқылады. Пікірталастарға мемлекеттік органдардың және жетекші қазақстандық компаниялардың жоғары деңгейдегі өкілдері қатысты. AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт: «Біздің Лондонда өткізілген инвесторлардың бірінші конференциясы Қазақстанға инвестиция салуға жоғары қызығушылық бар екенін көрсетті. Қазіргі және әлеуетті эмитенттердің пікірлері де жақсы болды: олар Қазақстан мен тұтас өңірдің ұсынатын кең мүмкіндіктердің аясында өз бизнестерінің мәні туралы айтуға мүмкіндік берген форумның бірегейлігін бағалады. Бұл іс-шара Қазақстандағы капитал нарығын қайта іске қосуға бағытталған соңғы екі жылдағы біздің күш-жігерімізді қолдайды деп санаймыз» – деп түсіндіріп өтті. «Ренессанс Капитал» Басқармасының тең төрағасы Руслан Бабаев былай деді: «Қазақстан макроэкономикалық даму тұрғысынан, әсіресе 2019 жылдың 8 айында ІЖӨ өсімін өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,0%-ға асып түсіп нарықты таңқалдыруымен біздің назарымызды аударады. Экономиканың өсуі биліктің біртіндеп ауысуымен бірге салықтық ынталандыру және тұтынушылық пен іскери сенімді қалпына келтіруімен нығайтылған тұтынушылық пен инвестициялармен ынталандырылады. Біз 2020 жыл қазақстандық компаниялардың ІРО және SPO-ны жаңарту жылы болады деп үміттенеміз, бұл инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады». «Ренессанс Капитал» өңірде бірқатар маңызды мәмілелерді жүзеге асыра отырып, Қазақстанда өзін жақсы таныта білді. Соңғы жүзеге асырған мәмілелерінің ішінде: 128 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының өтінімдер кітабын жедел қалыптастыру арқылы орналастыру және 344 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі «Халық Банкінің» SPO-сын өткізу болды. Капитал нарығындағы мәмілелерден және қазақстандық компаниялардың бірігу мен қосып алу мәмілелерінен басқа «Ренессанс Капитал» инвесторларға Қазақстанның макроэкономикалық жағдайы туралы үнемі ақпарат беріп отырады және роуд-шоулар мен капитал нарықтарының күндерін қоса алғанда инвесторлар үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастырады. 2019 жылғы шілдеде «Ренессанс Капитал» АІХ-тің сауда мүшесі болды. 2019 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша компания брокерлер арасында нарықтағы үлесі 15,5%-бен 2-орын алады. АІХ-ке мүшелік «Ренессанс Капиталға» өз клиенттеріне бағалы қағаздардың егеменді және корпоративтік орналастыруларына биржалық қолжетімдік беруге мүмкіндік жасайды. БАҚ үшін байланыс:| Елена Пак АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы Tel: +7 (7172) 23 53 94 Email: [email protected] | Дарья Хиленкова Renaissance Capital Ұялы тел.: +7 (916) 805-4926 Email: [email protected] |