Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің екінші панда-облигациялар шығарылымының листингтен өткенін хабарлайды.
Қытай юанімен (RMB) номинацияланған екі транштан тұратын шығарылымның жалпы көлемі 6,6 млрд юаньды құрады. Көлемі 5 млрд юань болатын бірінші транштың айналым мерзімі үш (3) жыл, купондық мөлшерлемесі жылына 1,82% құрайды. Көлемі 1,6 млрд юань болатын екінші транштың айналым мерзімі бес (5) жыл, купондық мөлшерлемесі жылына 1,95% құрайды.
AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:
«Қытай юанімен номинацияланған соңғы облигациялар шығарылымдары халықаралық инвесторлардың Қазақстанның егеменді және квазимемлекеттік борышына деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді. Бұл маңызды мәмілелер қазақстандық компанияларға Қытайдың капитал нарығына шығуға мүмкіндік бере отырып, келешектегі корпоративтік облигациялардың шығуына негіз қалыптастырады».