kz
Sova Capital Лондондық брокер AIX сауда мүшесі атанды
17.02.2020
Sova Capital Лондондық брокер AIX сауда мүшесі атанды
Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Sova Capital брокері Биржаның сауда мүшесі атанғанын хабарлайды. Sova Capital ТМД елдерін қоса алғанда, дамушы нарықтарға инвестиция салуға мүдделі институционалды және корпоративтік клиенттерге инвестициялық-банктік қызметтердің толық спектрін көрсетеді. Бұдан былай компания халықаралық инвесторларға AIX сауда платформасына қолжетімділікті қамтамасыз ететін және Қазақстанның эмитенттеріне капиталдық жария нарықтарында қарыздық және акционерлік қаржыландыруды тартуға қолдау көрсететін болады. AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт бұл жөнінде мынадай пікір білдірді: «Біз AIX-тің жаңа сауда мүшесін қуана қарсы аламыз және SOVA Capital өзінің тәжірибесі мен инвесторлармен берік қарым-қатынастарын қазақстандық капитал нарығының пайдасы үшін қолданады деп үміттенеміз». Сергей Суханов, Sova Capital бас директоры: «Біз Astana International Exchange мүшесі болғанымызға қуаныштымыз. AIX-пен серіктестік біз үшін жаңа көкжиектер ашады және біздің клиенттерімізге ұсынылатын инвестициялық қызметтер спектрін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. AIX жергілікті капитал нарықтарын жаңа деңгейге шығару үшін көп күш жұмсауда. Біз Батыс пен Орталық Азия арасындағы байланысты нығайтуға көмектесе отырып, осы процестің бір бөлшегі болғанымызға қуаныштымыз». Қазіргі уақытта 17 қазақстандық брокер, сонымен қатар Ресей, Еуропа мен Азиядағы инвесторларға қызмет көрсететін 7 халықаралық брокер AIX сауда мүшесі болып табылады. Анықтама үшін AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz Sova Capital Ltd - Sova Capital – Ұлыбританияда орналасқан тәуелсіз институционалдық брокерлік компания, ол институционалды және корпоративтік клиенттерге жария қарыз және акционерлік қаржыландыруды тарту, трейдинг, депозитарлық-брокерлік және тәуелсіз аналитикалық қамтуды қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің кең спектрін ұсынады. sovacapital.com БАҚ үшін байланыс: Елена Пак АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы Tel: +7 (7172) 23 53 94 Email: [email protected]
Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.