kz
Astana International Exchange мен Сауд Арабиясының қор биржасы ынтымақтастық шарттары туралы уағдаласты
25.07.2022

Astana International Exchange (AIX, Биржа) және Сауд қор биржасы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды және өзара пайдалы салаларда ынтымақтастық орнатуға уағдаласты. Келісім шеңберінде екі тарап та FinTech саласында деректермен және зерттеулермен алмасады, орнықты даму салалары мен экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқаруды (ESG) дамыту бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделейді, биржалық өнімдер, білім беру мәселелері, IR және басқа мәселелер бойынша идеялармен алмасатын болады.

АІХ төрағасы Ренат Бектұров былай деді:

 "АІХ интеграцияланған капитал нарығын құру үшін шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуын жалғастыруда және біз Таяу Шығыстағы аса ірі биржамен анағұрлым тығыз қарым-қатынас орнатуға, сонымен қатар біздің серіктестеріміз бен клиенттерімізге екі жақтың да көбірек пайда әкелуіне көмектесетін мүмкіндіктерді зерделеуге қуаныштымыз".

Сауд қор биржасы басқармасының төрағасы Мохаммед Сулейман Аль-Румайхбылай деп атап өтті:

«Біз Сауд Арабиясының Vision 2030 қаржы секторын дамыту бағдарламасының нұсқауларына сәйкес технологиялық дамыған және әртүрлі капитал нарығын құру жөніндегі міндеттемемізге сәйкес AIX-пен келісімге отырғанымызға қуаныштымыз. MENA шлюзі ретінде ( Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) халықаралық инвесторларға арналған аймақта біз ақпарат алмасу және аймақтағы ең үлкен капитал нарығына қол жеткізу үшін дүние жүзіндегі серіктестермен жұмыс істеуді жалғастырамыз».


Анықтама:
AIX биржасы 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.www.aifc.kz  
Сауд қор бирасы (the Saudi Exchange) Saudi Tadawul Group-қа толық тиесілі еншілес компания болып табылады, ол 2021 жылғы наурызда, Сауд қор биржасы (Tadawul) Saudi Tadawul Group холдингтік компаниясына түрлендірілгеннен кейін құрылған. Сауд Арабиясының мамандандырылған қор биржасы жәнеТаяу Шығыстағы аса ірі қор биржасы ретінде, биржа жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін бағалы қағаздар листингі мен саудасын  жүзеге асырады.Сауд биржасы Дүниежүзілік биржалар федерациясының 67 мүшесінің арасында 9-шы орында және Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастығы кеңесіндегі (ШЫК) басымды нарық болып табылады.Ол дамушы елдердің қор нырақтары арасында 3-ші орынға ие, Бағалы қағаздар бойынша комиссиялар халықаралық ұйымының (IOSCO), Дүниежүзілік биржалар федерациясының (WFE)  және Араб биржалар федерациясының (AFE) үлестес мүшесі болып табылады.

Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.