kz
Шариғат талаптарына сәйкес келетін алғашқы биржалық ноталар АІХ-те листингтелді
27.06.2022

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») iX Islamic Exchange Traded Notes жаңа биржалық ноталарының («Ноталар») листингі туралы қуана хабарлайды, олардың базалық активтері iShares MSCI World Islamic UCITS ETF («ISDW») акциялары болып табылады. iX Islamic SPC Limited ноталарының эмитенті – Шариғат нормаларына сәйкес инвестициялауды жүзеге асыратын ISDW акциялары жалғыз активі болып табылатын арнайы мақсаттағы компания («SPC»).

AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Біз Шариғат талаптары мен құндылықтарына сәйкес келетін инвестициялық мақсаттарға жетудің жаңа қарапайым және қымбат емес тәсілін ұсынамыз. ISDW – бұл құрамына инвестициялаудың исламдық қағидаттарын ұстанатын, арзан және сапалы активтердің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ете алатын әрі инвестицияларды анағұрлым тиімді әртараптандыруға ықпал ете алатын компаниялар кіретін портфель».

АХҚО Әкімшілігі басқармасының төрағасы Ернұр Рысмағамбетов мынаны атап өтті:

«Бұл листинг Қазақстанда және өңірде исламдық қаржыландыру саласындағы инвестициялық құралдарға өсіп отырған сұранысқа жауап болып қана емес, сонымен бірге заманауи шешімдер мен саланы дамыту перспективаларына қатысты нарық үшін дабыл да болып табылады».

Осы ноталарға қатысты пәтуаны Alhamd Shariah Advisory Services Private Limited компаниясы шығарды. «Jusan Bank» базалық активтерді сақтайтын банк-кастодиан болып табылады, ал Russel Bedford A+ Partners компаниясы аудиторлық фирма ретінде болады.

Анықтама:

AIX 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ "Белдеу және жол" бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ. Толық мәлімет www.aix.kz сайтында қолжетімді.

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz