kz
АХҚО Биржасындағы KAP.Y жаһандық депозитарлық қолхаттарының сауда көлемі екі еселенді
04.03.2019

AIX-те "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ-ның акциялары мен ЖДҚ-ның ақпан айында сауда-саттығының жалпы көлемі 2,5 млн АҚШ долларынан асты

"Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы (АХҚО биржасы, AIX) 2019 жылдың 1-28 ақпан аралығындағы кезеңдегі сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ-KAP.Y) 632,6 мың АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылғы қаңтарға қарағанда 100% - ға көп. "Қазатомөнеркәсіп" (KAP) қарапайым акциялары бойынша айналым 714 млн 090 мың теңгені құрады, бұл қаңтар айының ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13%-ға аз.

AIX-те "Қазатомөнеркәсіптің" акциялары мен қолхаттары сауда-саттығының орташа айлық көлемі 2,5 млн доллардан асады.

"Бұл AIX эмитенттерге әкелуі мүмкін өтімділікті көрсететін жақсы сандар, – деп атап өтті АХҚО Басқарма Төрағасы Тим Беннетт. - Алайда тағы да бір маңызды көрсеткіш – ақпан айында акциялар үшін 50%-ды және ЖДҚ үшін 95%-ды құраған бағалы қағаздардың айналымдылық коэффициенті, ол ақпанда акциялар үшін 50% және ЖДҚ үшін 95% құрады, бұл шекаралас нарықтар үшін жоғары деңгей және үміт беретін белгі болып табылады.

Сауда-саттыққа шолу

Бағалы қағаз Айдың қоры-сы бой-ша мәмілелер
са
ны
Өткен ай
ға қа
тыс
ты
өзге
ріс,
%                         
Ай
дың
қоры-сы бой-ша мәмілелер кө
лемі
Өткен ай
ға қа
тыс
ты өз
ге
ріс,
%                            
Айдың
қоры-сы бой-ша са
ты
ла
тын акциялардың саны
Өт
кен ай
ға
қатысты өзгеріс, %  
2019 ж. мәмі
ле
лердің жалпы саны
2019 ж. мә
мі
ле
лер
дің жалпы көлемі
KAP 682 6.96% KZT 714,090,325 -13.67% 139,093 -15.08% 1,415 KZT 1,541,209,875
KAP.Y 40 29.03% USD 632,583.23 99.76% 45,879 94.83% 71 USD 949,255.71

Анықтамалық ақпарат:

AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы саудасын ашты. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ болып табылады. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

­­­
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы 
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz