AIX шағын және орта бизнестің капитал нарығына қолжетімділігін кеңейту үшін талаптарды жеңілдетті
Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») Time Building 2050 LLP компаниясының облигация шығарғанын хабарлайды. Бұл облигациялар шағын және орта бизнеске арналған үш жылдық облигациялық бағдарламаның алғашқы бір жылдық траншы аясында тіркелді. Бағдарламаның жалпы көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды.
Шағын және орта бизнеске («ШОБ») арналған облигациялық бағдарлама AIX биржасында 2023 жылдың 4-тоқсанында іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің капитал нарығы арқылы қысқа мерзімді қаржыландыруға қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бағдарлама шеңберінде ШОБ-тың ерекшеліктерін ескере отырып, листинг талаптары қайта қаралып, төлемдер төмендетілді. Сондай-ақ, қарыздық міндеттемелерді уақытылы орындауды қамтамасыз ету үшін қосымша тетіктер енгізілді. AIX бұл бағдарламаны ШОБ үшін капитал көздерін әртараптандыруға және орнықты дамуға бағытталған тиімді қаржылық құралдарды ұсыну мақсатында іске қосты.
Шағын және орта бизнестің капитал нарығындағы белсенділіген одан әрі ынталандыру үшін AIX бағдарламаның талаптарын жеңілдетіп, бірқатар өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер капитал нарығына кең ауқымды компаниялардың қол жеткізуіне жол ашады.
Негізгі өзгерістер мына талаптарды қамтыды:
- Облигациялардың мерзімін ұзарту;
- Түрлі валютада шығаруға мүмкіндік беру;
- Облигация бағдарламасын енгізу;
- Компанияның қызмет ету мерзіміне қойылатын талаптарды жеңілдету;
- Экономика салалары бойынша шектеулерді алып тастау.
Бұл өзгерістер AIX-тің шағын және орта бизнес қажеттіліктеріне сай инклюзивті және серпінді дамитын капитал нарығын қалыптастыруға деген талпынысын айғақтайды.
AIX Нарық және өнімдер жөніндегі басқарушы директоры:
«Шағын және орта бизнеске арналған облигациялық бағдарлама арқылы біз кең ауқымдағы компаниялар үшін капитал нарығының есігін ашқымыз келеді. Біз талаптарды жеңілдетіп, икемді тәсілді ұсыну арқылы бизнестерге қаржы тарту, қаржылық тұрақтылықты нығайту және сенімді даму үшін нақты мүмкіндіктер жасап отырмыз. Біз компанияларды бұл құралды орнықты даму тәсілі ретінде қарастыруға шақырамыз».