kz
AIX-та «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сату басталды
14.11.2018
AIX-та «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сату басталды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының алаңында (бұдан әрі – «AIX») «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның («Қазатомөнеркәсіп») жай акцияларын шартсыз сату, сондай-ақ жаһандық депозитарлық қолхаттарын шартты сату басталды. «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарын шартсыз сату болжам бойынша 2018 жылдың 19 қарашасында басталады.

 «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов сауда-саттықтың ашылу рәсімінде былай деді:

«AIX алаңында «Қазатомөнеркәсіп» ІРО-сын тек «Астана» халықаралық қаржы орталығы үшін ғана емес, сонымен де Қазақстандағы капитал нарығын дамыту үшін де айтулы оқиға болып саналады. Бұл біздің алаңымыздағы ұлттық компаниялардың мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасының аясында бірқатар орналастырудың бірінші ІРО-сы болып табылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов:

«Жекешелендірудің кешенді жоспарының аясында «Самұрық-Қазына» Қорының алты компаниясы IPO/SPO-ға шығады. Бұл – Қазақстанның квазимемлекеттік секторының дамуындағы жаңа кезең. Қордың 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес біздің мақсатымыз – компаниялардың тиімділігін арттыру және активтер портфелін басқаруды жақсарту. Жекешелендіру осы мақсатқа жетудегі құралдардың бірі болып табылады. Қордың "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлескен, тығыз жұмысын атап өтіп, бүгінгі маңызды оқиғамен құттықтағым келеді, және де бізге Сіз қойған, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеймін!»  

Ғалымжан Пірматов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы:

«Біз ІРО-ны сәтті өткізіп, уран өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшы екенімізді дәлелдедік және «Астана» халықаралық биржасында листингтен өткен алғашқы компания болдық. Жергілікті және халықаралық инвесторлар компаниямызға үлкен қызығушылық танытты. Біздің жаңа акционерлеріміздің арасында қазақстандық инвесторлар мен жетекші халықаралық инвестициялық қорлар бар. Біз компанияның табысы мен болашағын жаңа акционерлермен бөлісуге және еліміздің игілігі үшін компанияны дамудың жаңа кезеңдеріне бастауға дайынбыз!»

AIX  Басқарма Төрағасы Тимоти Беннетт:

«AIX өз инновациялылағын көрсете отырып, халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейді және реттеледі. «Қазатомөнеркәсіп»-тің қарапайым акциялары мен ЖДҚ-ның табысты листингі АХҚО биржасының эмитенттер мен инвесторлардың қажеттіліктеріне сай бола алатындығын көрсетті. ЖДҚ мен акциялардың қосарлы листингісіне, сондай-ақ CICC биржасындағы мүшелік пен басқа да халықаралық брокерлердің арқасында АІХ қазақстандық және шетелдік нарықтарды интеграциялайды. Осылайша, АІХ Қазақстандағы капитал нарығының дамуына инвестиция жасайды».


Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады. www.aifc.kz

AIX. АХҚО Биржасы (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар. www.aix.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы 
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]

Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.