kz
Astana International Exchange логотипін пайдалану
15.06.2020
Astana International Exchange логотипін пайдалану
AIX сауда белгісі («Astana International Exchange», «AIX» және оның тіркелген логотипі) тек AIX биржасының меншігі болып табылады. Үшінші тараптар AIX сауда белгілерін AIX-тің жазбаша рұқсатынсыз кез келген мақсатта көшіріп немесе пайдалана алмайды. Тауарлық белгіні заңсыз пайдалануға қатаң тыйым салынады және тауарлық белгілерді пайдалану ережелерін, авторлық құқықты немесе басқа қолданыстағы заңдарды бұзу болып табылады. AIX қандай да бір үшінші тарап ұсынатын кез келген инвестициялық өнімді қолдамайды, ілгерілетпейді және жарнамаламайды. Компаниялар мен AIX-те сатылатын бағалы қағаздардың тізімін https://aix.kz/ru/aix-membership-ru/trading-members-ru/ сілтемесі бойынша алуға болады. AIX сауда мүшелерінің тізімін https://aix.kz/ru/aix-membership-ru/trading-members-ru/ сілтемесі арқылы көруге болады. AIX сауда белгісін пайдалануға рұқсат алу сұрақтары жөнінде  [email protected].мекенжайы бойынша AIX коммуникация департаментіне хабарласыңыз. БАҚ үшін байланыс: Елена Пак АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы Tel: +7 (7172) 23 53 94 Email: [email protected]

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz