AIX-тің Tabadul бастамасына қосылуына жол ашқан 2021 жылғы қазанда Абу-Даби Қор Биржасы (ADX) мен AIX арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның жалғасы ретінде Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») AIX пен ADX орталық депозитарийлері арасында тікелей байланысты іске қосқанын қуана хабарлайды.
Бұл бастама Tabadul хаб арқылы орнатылған байланысты толықтырады және AIX пен ADX арасындағы нығайып келе жатқан серіктестікті көрсетеді. Стратегиялық ынтымақтастық трансшекаралық сауданы жеңілдетуге, нарықтық инфрақұрылымды дамытуға және инвесторлар мен эмитенттер үшін инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.
Екі нарық арасында тікелей әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, AIX пен ADX өтімділіктің артуына және аймақтық капитал нарықтарының интеграциясының тереңдеуіне ықпал етеді.
AIX басқарма төрайымы Асель Мұқажанова атап өтті:
«Біз бұл ынтымақтастықты ресми түрде рәсімдегенімізге қуаныштымыз, себебі қол жеткізілген келісімдер екі жақтағы нарық қатысушылары үшін нақты пайда әкеледі деп сенеміз. Байланысты нығайта отырып және тиімдірек сауда арналары арқылы біз белсенді трансшекаралық инвестициялық ағындарға жол ашамыз».
ADX тобының басқарма төрағасы Абдулла Салем Әлнуайми мәлімдеді:
«AIX-пен тікелей байланысты орнату капитал нарықтарының қолжетімділігі мен өзара байланысын арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Tabadul жобасының нәтижесіне және біздің халықаралық серіктестіктерімізге сүйене отырып, бұл бастама трансшекаралық интеграцияны күшейтеді, пост-трейд өзара әрекеттестікті нығайтады және жаһандық әрі аймақтық қатысушылар үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер ашады. Осындай стратегиялық коллаборацияларды жүзеге асыра отырып, ADX инновациялық, динамикалық әрі ашық алаң ретіндегі рөлін растайды және Абу-Дабидің жетекші қаржы орталығы ретіндегі позициясын нығайтады».
Бұл бастама AIX пен ADX-тің инновацияны ілгерілетуге, нарық инфрақұрылымын дамытуға және аймақтағы капитал нарықтарының ұзақ мерзімді дамуын қолдауға ортақ ұмтылысын растайды.