kz
AIX Қазақстанның исламдық қаржы және бизнес қауымдастығына серіктес ретінде қосылды
21.05.2026
AIX Қазақстанның исламдық қаржы және бизнес қауымдастығына серіктес ретінде қосылды

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Қазақстанның исламдық қаржы және бизнес қауымдастығына («Қауымдастық») серіктес ретінде қосылғанын хабарлайды.

Қауымдастық «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген коммерциялық емес ұйым болып табылады және Қазақстанда исламдық бизнес пен исламдық қаржы қағидаттарын дамытуға ықпал етеді. Ұйым исламдық қаржы экожүйесіне қатысушылар арасындағы ынтымақтастық, білім алмасу және кәсіби дамуға арналған платформа ретінде қызмет етеді, сондай-ақ елдегі этикалық және тұрақты қаржылық тәжірибелердің дамуына қолдау көрсетеді.

 

AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:

«AIX Қазақстандағы исламдық қаржы инфрақұрылымын дамытуға және капитал нарығының неғұрлым әртараптандырылған әрі инклюзивті экожүйесін қалыптастыруға жүйелі түрде үлес қосып келеді. 2020 жылғы 10 наурызда Биржада исламдық облигациялардың алғашқы листингі жүзеге асырылып, бұл ішкі нарықтың дамуы үшін маңызды бағдар болды.

Содан бері біз шариғат қағидаттарына сәйкес келетін қаржы құралдарына қолжетімділікті кеңейтуді жалғастырып келеміз, сондай-ақ исламдық қаржы индустриясының орнықты дамуына бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Қауымдастық аясындағы ынтымақтастық диалог үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, тәжірибе мен озық тәжірибелер алмасуға жағдай жасайды және нарық үшін исламдық қаржы саласында практикалық әрі инновациялық шешімдердің дамуына ықпал етеді деп сенеміз».

Қауымдастыққа қосыла отырып, AIX исламдық капитал нарықтарының дамуына одан әрі үлес қосуды, нарық қатысушыларымен өзара іс-қимылды нығайтуды, сондай-ақ Қазақстанда исламдық қаржы құралдарын кеңінен түсіндіру, қолдану аясын кеңейту және оларды іс жүзінде енгізуге бағытталған бастамаларды қолдауды көздейді.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz