Astana International Exchange («AIX», «Биржа») «ЖЫЛЫ HOME» ЖШС-нің облигациялар бағдарламасы аясында шығарылған облигациялардың бірінші траншының сәтті листингке енгізілгені және сауда-саттығының басталғаны туралы хабарлайды.
Бірінші транш жылдық 25% купондық мөлшерлемемен, номиналды құны 1 000 теңге болатын және өтеу мерзімі 2027 жылғы 30 маусымға дейінгі 250 000 облигацияны қамтиды. Облигациялар 2029 жылғы 30 маусымға дейін жарамды көлемі 2,5 млрд теңге болатын облигациялар бағдарламасы аясында шығарылды.
«ЖЫЛЫ HOME» ЖШС Қазақстан Республикасында тұрғын үй ғимараттарын салу, реконструкциялау және жөндеу саласында қызмет атқарады. Компанияның негізгі қызметі Қостанай облысында шоғырланған, мұнда компания тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға және өңірдің экономикалық өсуіне үлес қосуда.
AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:
«ШОБ облигациялары нарығын дамыту өсуге бағытталған қазақстандық компаниялардың капитал нарығы құралдарына қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады. Дәстүрлі банктік несиелеумен қатар қаржыландыруды тартудың қосымша мүмкіндіктерін ұсына отырып, біз бизнеске даму жоспарларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеміз және сонымен қатар Қазақстанның капитал нарығын одан әрі нығайту мен әртараптандыруға ықпал етеміз».
«ЖЫЛЫ HOME» ЖШС облигацияларының бірінші траншының листингі AIX-тің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің борыштық қаржыландыру тартуға арналған тиімді әрі ашық платформаны ұсыну арқылы капитал нарығына қолжетімділігін кеңейту жөніндегі ұстанымын тағы бір мәрте растайды.