kz
AIX Qazaq Index-ті тұрақты түрде тоқсандық қайта қарау
05.04.2022

AIX Qazaq Index әдіснамасына сәйкес, Индекс Комитеті жұма, 1 сәуір күні Индексті тұрақты түрде тоқсандық қайта қарауды өткізді.

AIX Qazaq Index-те Индекстің құрамдастары қосылған жоқ немесе алынып тасталған жоқ. Ағымдағы нарықтық шарттарға және Polymetal (POLY) акцияларының қолжетімділігіне қатысты Индекс Комитеті мыналарға келісті:

  • POLY-ді AIX Qazaq Index-те сақтау;
  • егер POLY салмағы қатарынан бес күн бойы 20%-дан асатын болса, AIX Qazaq Index-ті төтенше қайта теңгерімдеуді жүргізбеу;
  • мамыр айының басында жағдайды қайтадан бағалау.

 AIX Qazaq Index-тің құрамдық бөліктері мен үлестік салмақтары 2022 жылғы 1 сәуірде жұмыс күні аяқталған кезде күшіне енеді:

КомпанияларҮлестік салмағы
Halyk Bank15.00%
NAC Kazatomprom15.00%
Kaspi15.00%
Polymetal15.00%
Kcell10.58%
KazTransOil9.04%
Central Asia Metal9.01%
Kazakhtelecom8.83%
Bank CenterCredit2.54%
TOTAL100%

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz