"Ситибанк Қазақстан" АҚ AIX депозитарийіне кастодиандық қызметтер ұсынуды бастайды
"Ситибанк Қазақстан" АҚ Astana International Exchange (AIX CSD). AIX Орталық депозитарийіне кастодиандық қызмет көрсетуді бастады. Банк AIX-те сатылатын шетелдік бағалы қағаздарды сақтауды және ілеспе есеп айырысуларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
AIX басқарма төрағасы Тимоти Беннетт былай деп мәлімдеді:
"Біз Citi серіктес ретінде бизнесіміздің өсуіне жәрдемдесетініне өте қуаныштымыз. Кастодиандық қызметтер пост-трейдингтік қызметтерді кеңейтуге және жаңа қаржы өнімдерін енгізуге ықпал ететін болады".
Андрей Курилин, "Ситибанк Қазақстан" АҚ Басқарма төрағасы:
"Сitigroup кастодиандық қызметтердің әлемдік нарығында бұрыннан танымал және АХҚО табысын арттыруға қуана қатысады. Біздің озық цифрлық платформамыз инвесторларға тиімділікті арттыруға және операциялық тәуекелдерді азайтуға көмектеседі деп сенемін".
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар беру есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ "Белдеу және Жол" бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
Астана халықаралық қаржы орталығының AIX биржасының орталық депозитарийі (AIX CSD) AIX (AIX CSD) жанындағы бағалы қағаздардың орталық депозитарийі – бұл АХҚО қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген, қолма-қол ақшамен күнделікті операциялар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар және депозитарлық қызмет үшін жауап беретін жеке компания. AIX CSD қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті (AFSA) берген коммерциялық лицензиясы бар. AFSA сондай-ақ AIX жанында бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің реттеушісі ретінде әрекет етеді. AIX CSD AIX айрықша меншігі болып табылады.
"Ситибанк Қазақстан" АҚ – ел банктерінің клиенттік операцияларының көлемі бойынша ең ірілерінің бірі. Citigroup банкімен үлестес бола отырып, Қазақстан экономикасына ондаған миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыруды тартуға ықпал етті. www.citigroup.com
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]
Reference:
AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz
The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/
The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.