Tabys мобильді қосымшасының ағымдағы мәртебесіне қатысты инвесторлардан келіп түсіп жатқан өтініштерге байланысты «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (бұдан әрі – «AIX») осы арқылы төмендегіні хабарлайды.
Tabys мобильді қосымшасын (бұдан әрі – «Қосымша») AIX 2020 жылы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба ретінде әзірлеп, іске қосты. Қосымша жұмыс барысында Қазақстандағы мыңдаған пайдаланушыға инвестициялық құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік беріп, бағалы қағаздар нарығындағы жеке инвестициялар мәдениетінің дамуына үлес қосты. .
2025 жылы AIX Қосымшаны Tabys Ltd. жеке компаниясының (бұдан әрі – «Tabys Ltd.») пайдасына сату жөніндегі мәмілені аяқтады. Мәміле нәтижесінде Қосымшаға қатысты құқықтар Tabys Ltd. компаниясына өтті. .
Мәміле аяқталған кезден бастап AIX Қосымшаның құқық иеленушісі болып табылмайды, оны басқаруға және дамытуға қатыспайды әрі оның одан әрі жұмыс істеуіне жауап бермейді. .
Сонымен қатар, «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының Орталық депозитарийі (бұдан әрі – «AIX CSD») және «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының регистраторы (бұдан әрі – «AIX Registrar») Қосымша арқылы сатып алынған және AIX CSD-де және/немесе AIX Registrar-да ашылған шоттарда есепке алынатын бағалы қағаздар, сондай-ақ AIX CSD-де ашылған шоттардағы ақша қаражаты бойынша инвесторларға қызмет көрсетуді жалғастырады. AIX CSD-дің және/немесе AIX Registrar-дың мұндай инвесторлар алдындағы міндеттемелері тиісінше AIX CSD-дің және/немесе AIX Registrar-дың қолданылатын рәсімдері мен ережелеріне, сондай-ақ жасалған шарттардың талаптарына сәйкес орындалады. .
Өздеріне тиесілі бағалы қағаздарды брокерлік шотқа аударғысы немесе ақша қаражатын шығарғысы келетін инвесторлар тиісті нұсқауды AIX CSD-ге [email protected] электрондық поштасы бойынша және/немесе AIX Registrar-ға [email protected] электрондық поштасы бойынша жіберуі қажет. .
Қосымшаның жұмысына байланысты барлық мәселелер бойынша пайдаланушыларға [email protected] электрондық поштасына және +7 771 740 0004 телефон нөміріне (WhatsApp) хабарласу ұсынылады. .