kz
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ еурооблигациялары AIX биржасында сәтті орналастырылды
17.10.2025
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ еурооблигациялары AIX биржасында сәтті орналастырылды

AIX арқылы инвесторлардың 59 миллиард теңге және 68,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі өтінімдері қанағаттандырылды

Astana International Exchange (AIX, «Биржа») «Қазақстан Даму Банкі» АҚ («ҚДБ») шығарған теңге мен АҚШ долларында номинацияланған екі траншты еурооблигациялардың листингтен өткенін хабарлайды. Облигациялардың жалпы көлемі тиісінше 300 млрд теңге және 500 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл шығарылымдарға Moody’s агенттігінен «Baa1» және Fitch агенттігінен «BBB» рейтингтері берілді.

Аталған облигациялар сондай-ақ Vienna MTF және KASE биржаларында саудаланады.

Теңгемен шығарылған транштың параметрлері:

купондық мөлшерлеме – 18,4%; купондық төлемдер – жыл сайын 16 сәуір мен 16 қазанда; өтеу мерзімі – 2028 жылғы 16 қазан.

АҚШ долларындағы транштың параметрлері:

купондық мөлшерлеме – 4,6%; купондық төлемдер – жыл сайын 31 қаңтар мен 31 шілдеде; өтеу мерзімі – 2031 жылғы 31 қаңтар.

Екі транш бойынша барлық төлемдер, соның ішінде купондық табыс пен негізгі қарыз сомасы, АҚШ долларымен есептеледі.

Бұл евробондтарға инвесторлар жоғары қызығушылық танытты: теңгемен шығарылған траншқа сұраныс 2,4 есе, ал АҚШ долларымен шығарылған траншқа сұраныс 1,9 есе артық болды.

AIX арқылы инвесторлардың 59 миллиард теңге және 68.5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі өтінімдері қанағаттандырылды.

«Citigroup Global Markets Limited», «ForteFinance» АҚ, «J.P. Morgan Securities plc», «Mashreqbank psc» және «Société Générale» бірлескен жетекші ұйымдастырушылар ретінде әрекет етті.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz