kz
Сайттан іздеу
AIX биржасында «Самұрық-Қазына» қорының Dim Sum облигациялары листингке енгізілді
23.10.2026
AIX биржасында «Самұрық-Қазына» қорының Dim Sum облигациялары листингке енгізілді

Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қытай юанімен шығарылған, айналым мерзімі 3 және 5 жыл болатын, жалпы көлемі 3 млрд юаньды құрайтын Dim Sum облигацияларының екі траншы листингке енгізілгенін хабарлайды. Аталған облигациялар AIX және Гонконг қор биржасының ресми тізімдеріне енгізілді.

Мәмілені Citigroup Global Markets Limited, Guotai Junan Securities Limited және Standard Chartered Bank бірлескен букраннерлер ретінде ұйымдастырды. Teniz Capital Investment Banking жергілікті жетекші менеджер қызметін атқарды.

Шығарылымның негізгі параметрлері:

  • Айналым мерзімі 3 жыл болатын облигациялар: 2 млрд юань, жылдық купондық мөлшерлемесі - 2,15%;
  • Айналым мерзімі 5 жыл болатын облигациялар: 1 млрд юань, жылдық купондық мөлшерлемесі - 2,30%.

Бұл орналастыру юаньмен номинацияланған борыштық құралдар нарығын дамыту жолындағы кезекті қадам болып табылады және инвесторларға айналым мерзімдері әртүрлі облигациялар шығарылымына қатысуға мүмкіндік береді.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz