kz
ForteBank-тің мерзімсіз еурооблигациялары AIX алаңында сауда-саттыққа жіберілді
04.11.2025
ForteBank-тің мерзімсіз еурооблигациялары AIX алаңында сауда-саттыққа жіберілді

-

Astana International Exchange (AIX, «Биржа») «ҚазМұнайГаз» АҚ «ForteBank»-тің жалпы көлемі 400 млн АҚШ долларын құрайтын, жылдық 9.75% купондық мөлшерлемемен және жарты жыл сайын төленетін мерзімсіз облигациялары (Additional Tier 1) сәтті тізімге енгізіліп, AIX және Vienna MTF алаңдарында сауда-саттыққа жіберілгенін хабарлайды.

AIX арқылы жалпы сомасы 80 млн АҚШ долларын құрайтын инвесторлардың өтінімдері орналастырылды. Ұйымдастырушылар және букраннерлер ретінде J.P. Morgan, First Abu Dhabi Bank, Commerzbank және Mashreq банктері қатысты. Жергілікті ұйымдастырушы ретінде ForteFinance компаниясы әрекет етті.

Орналастыру Ұлыбритания, АҚШ, Швейцария және Гонконг секілді ірі халықаралық қаржы орталықтарындағы инвесторлардың қызығушылығын тудырды.

AIX басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай деп атап өтті:

«Біз қазақстандық компаниялар шығаратын облигацияларға халықаралық сұраныстың артып келе жатқанын қуана байқаймыз. Бұл орналастырудың сәтті өтуі инвесторлардың ұлттық капитал нарығына деген сенімін растап, жергілікті эмитенттер мен жаһандық инвесторларды байланыстыратын сенімді алаң ретінде AIX биржасының рөлін нығайтады. Сондай-ақ бұл жоғары сапалы қазақстандық эмитенттерге деген сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді және отандық капитал нарығының одан әрі дамуын, компаниялардың жаңа құрылымдар мен шешімдерді белсенді түрде игеріп жатқанын дәлелдейді.»

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. Aifc.kz