Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Kaspi.kz еурооблигацияларының листингі туралы хабарлайды.
Еурооблигациялардың айналым мерзімі бес жыл және купондық мөлшерлеме жылына 5,9%, сыйақы жарты жылда бір рет төленеді. Жалпы орналастыру көлемі 600 млн АҚШ долларын құрады. Жергілікті және халықаралық үйлестірушілер мен букраннерлер құрамына BCC Invest, Citigroup және JPMorgan кірді.
AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:
«Kaspi.kz еурооблигацияларын AIX алаңында саудаға жіберу қазақстандық мықты эмитенттерге деген тұрақты сұранысты көрсетеді және биржаның жергілікті эмитенттер мен жаһандық инвесторлар қауымдастығы арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі рөлін айқындайды. Бұған дейін, 2025 жылғы наурызда Kaspi.kz 650 млн АҚШ доллары сомасында бес жылдық еурооблигациялар шығарып, купондық мөлшерлемені 6,25% деңгейінде белгілеген болатын. Биыл халықаралық инвесторлар тарапынан жоғары сұраныс пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне ықпал етіп, эмитент үшін қаржыландыру шарттарының жақсарғанын көрсетті».