kz
AIX Биржасында АО «НК «Қазақстан темір жолы» еврооблигацияларының листингі
29.04.2026
AIX Биржасында АО «НК «Қазақстан темір жолы» еврооблигацияларының листингі

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») «АО «НК «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) шығарған, жалпы көлемі 3 млрд АҚШ долларына дейінгі кепілдендірілген жаһандық орта мерзімді ноталар бағдарламасы аясында шығарылған аға қамтамасыз етілмеген еврооблигациялардың листингтен өткенін хабарлайды.

Орналастыру екі траншты қамтиды:

  • 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі 5 жылдық транш, купондық мөлшерлемесі жылына 4.875%;
  • 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі 10 жылдық транш, купондық мөлшерлемесі жылына 5.25%.

Облигациялар Англия және Уэльс заңнамасына сәйкес шығарылған және «Қазтеміртранс» АҚ және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» кепілдіктерімен қамтамасыз етілген.

Мәміленің жаһандық үйлестірушілері және бірлескен букраннерлері ретінде Citigroup, JPMorgan және Société Générale қатысты. Бірлескен жетекші менеджерлер мен букраннерлер қатарында Abu Dhabi Commercial Bank, Deutsche Bank, Oman Investment Bank және Standard Chartered болды. Қазақстандағы жергілікті жетекші менеджерлер ретінде Teniz Capital және Freedom Broker қатысты.

Асель Мукажанова, Astana International Exchange Басқарма төрайымы, былай деп атап өтті:

«ҚТЖ еврооблигацияларының табысты листингі қазақстандық эмитенттердің халықаралық капитал нарықтарына қолжетімділігінің тұрақтылығын дәлелдейді және инвесторлардың өңірге деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді. Екі транш бойынша әртүрлі өтеу мерзімдерінде айтарлықтай сұраныс қалыптасуы AIX-тің қазақстандық эмитенттерді жаһандық инвесторлармен байланыстырудағы және борыштық капитал нарығын дамытудағы рөлінің күшейіп келе жатқанын айғақтайды».

Бұл листинг AIX-те қолжетімді халықаралық тұрақты кіріс құралдарының аясын кеңейтеді және инвесторларға Қазақстанның квазимемлекеттік эмитенттеріне жол ашады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz