kz
Қазатомөнеркәсіптің AIX-тегі қайталама орналастырылуы жергілікті және халықаралық инвесторлар тарапынан жоғары сұранысты көрсетті
27.09.2019
Қазатомөнеркәсіптің AIX-тегі қайталама орналастырылуы жергілікті және халықаралық инвесторлар тарапынан жоғары сұранысты көрсетті
Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 2019 жылғы 26 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Самұрық-Қазына») «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Қазатомөнеркәсіп») жай акциялары түріндегі 9,86 млн жаһандық депозитарлық қолхаттрады  (ЖДҚ) Лондон қор биржасы («ЛҚБ») мен AIX-те өтінімдер кітабын (Accelerated bookbuilding) жедел қалыптастыру арқылы сатты. «Самұрық-Қазына» 1 ЖДҚ-ға 13,00 АҚШ доллары бағасымен жай акцияларға иелік етуге құқық беретін барлығы 9 863 021 ЖДҚ (1 ЖДҚ 1 жай акцияға тең) сатты. Нәтижелер мына кестеде көрсетілген:
Биржа Инвесторлар ЖДҚ Сатылымнан түсім (USD) %
ЛҚБ 4,840,000 62,920,000 49
AIX 5,023,021 65,299,273 51
Халықаралық 1,660,000 21,580,000 17
Қазақстандық 3,363,021 43,719,273 34
ЖИЫНЫ 9,863,021 128,219,273 100
AIX Басқарма Төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті: «Орналастыру нәтижелері AIX-ті Қазақстандағы жергілікті және халықаралық инвесторлар үшін біріктірілген нарық ретінде құру туралы шешімнің дұрыстығын растайды және біздің соңғы жылда нарықты дамыту жолында қол жеткізген жетістіктерімізді дәлелдейді. Қазақстандық инвесторлардың сұранысы толығымен қанағаттандырылғаннан басқа, қайталама орналастыру асындағы өтінімдердің жартысынан көбі AIX арқылы жүзеге асырылды, олардың үштен бірі халықаралық инвесторлардың өтінімдері болды». Жалпы алғанда, қайта орналастыру аясында жергілікті инвесторлар 43,7 миллион АҚШ доллары сомасына бағалы қағаздарды сатып алды (салыстыру үшін, 2018 жылғы қарашадағы «Қазатомөнеркәсіп» IPO-сы кезінде жергілікті инвесторлар сатып алған бағалы қағаздар сомасы 63,8 миллион АҚШ долларын құрады). Биржа басшысы осыған байланысты: «Бұл – біздің қазақстандық инвесторлардың базасын дамытуда қол жеткізген прогресті көрсететін маңызды жетістік», - деп атап өтті. J.P. Morgan Securities plc жалғыз жаһандық үйлестіруші және ЛҚБ-дағы бірлескен букраннер ретінде әрекет етті. «Halyk Finance» АҚ AIX-тегі бірлескен букраннердің үйлестірушісі болды, ал Renaissance Securities (Cyprus) Limited – ЛҚБ мен AIX-тегі бірлескен букраннер болды. Олардың әрқайсысы халықаралық және қазақстандық инвесторларға арналған орналастыруды ұйымдастыруға жауапты болды. Жай акциялармен сауда-саттық, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ЖДҚ шартты сауда-саттығы AIX-те 2018 жылдың 14 және 18 қарашасында басталды, орналастыруда 1 ЖДҚ үшін 11,60 АҚШ доллары бағасы белгіленді. Анықтама ретінде: AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қражы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО,  GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы,  Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа осылайша, инвестициялау үшін сенімді шарттарды қамтамасыз ете отырып, жалпы ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруға тарту үшін түсінікті әрі тиімді талаптарды ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды. АХҚО құру туралы конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеттері елдің экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды ортаны құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялауды қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz БАҚ үшін байланыс: Елена Пак АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы Tel: +7 (7172) 23 53 94 Email: [email protected]
Reference: AIX was formed in 2017 within the Astana International Financial Centre development framework. AIX shareholders are AIFC, the Shanghai stock exchange, the Silk Road Fund, and NASDAQ, which also provides the AIX trading platform. The exchange operates within a regulatory environment based on the principles of English Law, thus providing a reliable investment environment. The mission of AIX is to develop an active capital market in Kazakhstan and the region by providing clear and favorable conditions for attracting financing to private and public businesses. AIX develops special segments for mining companies as well as infrastructure projects under the Belt and Road initiative. www.aix.kz The Astana International Financial Centre (AIFC) is an independent jurisdiction that started (AIFC) is an independent jurisdiction with a favourable legal and regulatory environment and a developed infrastructure for starting and doing business, attracting investment, creating jobs and developing Kazakhstan’s economy. https://aifc.kz/ The Eurasian Development Bank (EDB) is a multilateral development bank investing in Eurasia. For more than 18 years, the Bank has worked to strengthen and expand economic ties and foster comprehensive development in its member countries. By 2025, the EDB’s cumulative portfolio comprised 305 projects with a total investment of US $16.5 billion. The Bank’s portfolio consists principally of projects with an integration effect in transport infrastructure, digital systems, green energy, agriculture, manufacturing, and mechanical engineering. The Bank’s operations are guided by the UN Sustainable Development Goals and ESG principles.