Бұл AIX-тегі алғашқы Өзбекстандық сукук облигациясы
Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») Alif Moliya Sukuk SPC Limited компаниясы шығарған 10 млн АҚШ доллары сомасындағы сукуктың Биржаның ресми тізіміне енгізілгенін хабарлайды. Бұл мәміле AIX-тің өңірде исламдық қаржыландыруды дамыту және Орталық Азия елдерінің эмитенттері үшін биржалық платформа арқылы капитал тарту мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі стратегиялық мақсатын іске асыруға ықпал етеді.
AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай деп атап өтті:
«Alif Moliya компаниясының AIX-те сукук шығаруы - өңірлік капитал нарықтары мен исламдық қаржыландыруды дамытудағы маңызды қадам. Бұл мәміле трансшекаралық ынтымақтастықтың әлеуетін көрсетіп, эмитенттерге платформамыз арқылы капитал тартудың қосымша мүмкіндігін береді. Біз қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтетін және өңірдің капитал нарықтарының дамуына ықпал ететін мәмілелерді қолдауды жалғастыруға ниеттіміз».
Бұл орналастыру AIX-тің исламдық капитал нарығын одан әрі дамыту жөніндегі жол картасына сәйкес келеді. Аталған жол картасы Astana Finance Days 2026 аясында өткен Исламдық қаржыландыру жөніндегі консультативтік кеңестің (IFAB) үшінші отырысында таныстырылды. Жол картасы әлеуетті сукук шығарылымдарының пулын кеңейтуді, эмитенттер мен инвесторларды тартуды, кросс-листинг мүмкіндіктерін қарастыруды және нарықтық инфрақұрылымды одан әрі дамытуды көздейді.